Ортағасырлық Аспара мен шаруашылық қалашықтары туралы жазба және археологиялық дереккөздерге шолу (Шу-Талас аралығы)

Авторлар

  • R. N. Buranbayev Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, ҚР БҒМ ҒК, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7065-0928

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.17
        76 98

Аннотация

Мақалада ортағасырлық Аспара және Шаруашылық қалалары туралы мәліметтер кездесетін
жазба және археологиялық деректерге тарихнамалық талдау жүргізіледі. Ортағасырлық Аспара
қаласында археологиялық қазба жұмыстары әр жылдары жүргізілсе, ортағасырлық Шаруашылық
қаласында қазба жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. «Алтын Орданың кейінгі ортағасырлардағы
қала мәдениеті. Шаруашылық (Кинчат) және Аспара (XIII-XVI ғғ.) қалаларының мысалындағы
ізденістер мен археологиялық зерттеулер» атты жобаның аясында осы ақтаңдақтардың орнын
толтыру жоспарлануда. Екі қаланың зерттеу нысаны ретінде таңдалуы Шаруашылық қаласының
Талас өзенінің жоғарғы ағысында және Аспара қаласының Шу өзенінің орта ағысында орналасуы
себеп болып отыр. Аталған өңірлер бір кездері Шағатай ұлысына кіргенімен де, осы тарихи
кезең туралы мақсатты зерттеулер жүргізілмеді. Жазба және археологиялық деректер негізінде
Аспара қаласы VII ғасырдан бастап XIX ғасырға дейінгі аралықпен мерзімделеді. Шаруашылық
қаласының белгілі-бір ескерткіш орнымен сәйкестендірілуі туралы жазба деректерде нақты
мәліметтер кездеспейді. Дегенмен, археологиялық зерттеулер негізінде, ескерткіштің өмір
сүруінің соңғы кезеңі ХІХ ғасырдың бірінші жартысымен мерзімделеді.
Шу-Талас өңіріндегі ірі қалалардың бірі болып саналатын, шағатай кезеңінде Янги Талас деген
атпен белгілі болған – Тараз қаласының мәдени қабаттары қатты зақымдалған және басым бөлігі
сақталмаған. Мәдени қабаттың жоғарғы кезеңдері (1,5 м шамасында) 1960-1962 жылдары сауда
базарын салу мақсатында сүріліп, орнына асфальт төселген. Осы тұрғыдан алғанда, Шу-Талас
өңірі үшін Аспара қаласы мәдени қабатында шағатайлық кезеңі бар бірден-бір ескерткіш болып
табылады. Аспара қаласына жүргізілген зерттеулердің нәтижесі алдағы уақытта Шаруашылық
қаласы туралы дұрыс қорытындылар жасауға ықпал ететін болады.
Түйін сөздер: Аспара, Шаруашылық, жазба және археологиялық деректер, ортағасырлық
қала мәдениеті, тарихнама, Шағатай ұлысы.

Жүктелулер

Как цитировать

Buranbayev, R. N. (2021). Ортағасырлық Аспара мен шаруашылық қалашықтары туралы жазба және археологиялық дереккөздерге шолу (Шу-Талас аралығы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 103(4), 172–182. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.17

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая