ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы қазақ халқының рухани өміріндегі діни тұлғалардың рөлі (этнографиялық, далалық материалдар негізінде)

Мешіт, медресе мен мазарлар – діни тұлғалар қызметі нысандары.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.019
        62 101

Аннотация

ХІХ ғ. aяғы мен ХХ ғ. бaсындaғы қaзaқ хaлқының рухани тaрихында елеулі орын aлған, халық aрасында дәстүрлі ислам құндылықтaрын уaғыздаумен aйналысқaн, мешіт, медресе, мектеп сaлып, қaзaқ хaлқының рухaни-aғaрту сaласындa қызмет атқaрған діни тұлғaлaрдың рөлі отaндық тaрих ғылымындa әлі де жете зерттелмеген. Ресей империализмінің отaршылдық сaясaтын ары қaрай жaлғастырғaн Кеңес билігі кезінде қазақ жеріндегі діни тұлғалардың жойқын репрессия құрбанына aйналуын тек жалпы атеизм саясатымен ғана түсіндіруге болмайды. Оның шынайы себептері бұл діни қайраткерлердің ұлттық кодты сақтaудағы орнымен бaйланысты болса керек. Халық арасында аса жоғары беделге ие болған ишан, хазырет, қалпе, молдалардың көзін жоймай ұлттың рухын жаныштап, «қызыл империяға» толық бағынышты, салт-санасынан, ұлттық бет-бейнесінен айрылған тобырға айналдыру мүмкін еместігін большевиктер жақсы түсінді. Сол себепті бұл дәуірдегі діни тұлғалардың ұлттық мүдде жолындағы қызметін, діни тағылымдарын кеңінен зерттеу, зерделеу отандық тарих ғылымындағы аса өзекті мәселелердің бірі саналады. Отандық ғылымда бұл бағытта зерттеулер енді ғана қолға алына бастады және тек кейбір жекелеген тұлғалар мен жекелеген аймақтар бойынша, шектеулі түрде жүргізілуде. Әлі күнге дейін өз зерттеушісін таппаған, зерттеу нысанына айнала алмай жатқан діни тұлғалар жеткілікті. Мақала авторлары далалық этнографиялық материалдарды ғылыми айналымға енгізе отырып, отандық ғылымдағы осы өзекті мәселенің зерттелуіне өзіндік үлес қосуды мақсат етіп қойды. Зерттеудің методологиялық негізіне келсек, Қазақ даласындағы исламның даму формаларын, дәстүрлі ислам тұлғалары қызметін анықтау үшін пәнаралық әдіс және «аймақтық ислам» теориясы пайдаланылды. Бұл арқылы әр аймақтағы дәстүрлі мәдениеттің түрлілігін, ерекшелігін байқауға болады әрі исламның жергілікті формалары теңқұқылы деген ой-тұжырым негізге алынады. Түйін сөздер: дәстүрлі ислам, діни тұлғалар, рухани тәрбие, мешіт, медресе, мектеп.

Авторлардың биографисы

N. D. Nurtazina, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кафедра истории Казахстана, доцент

N. B. Sabyrgalieva, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.

старший преподаватель

Жүктелулер

Как цитировать

Nurtazina, N. D., Kartabayeva, E. T., & Sabyrgalieva, N. B. (2022). ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы қазақ халқының рухани өміріндегі діни тұлғалардың рөлі (этнографиялық, далалық материалдар негізінде): Мешіт, медресе мен мазарлар – діни тұлғалар қызметі нысандары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 107(4), 169–180. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.019

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология