Бәбішмола оазисіндегі кесенелерден табылған остеологиялық материалдар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.20
        58 84

Аннотация

Мақалада Бәбішмола оазисіндегі кесенелерден табылған жануар сүйектері талданады. Археологиялық қазба барысында екі кесенеден 151 дана сүтқоректілер және 1 дана құс сүйегі табылған. Коллекцияны зерттеу барысында: әрбір жануар түрінің қаңқа элементтері, әрбір 

элементтің бөлшектену үдерісі, эпифиздердің өсіп, жетілу жағдайы (өскен немесе өспеген), тіс жүйесінің жетілу жағдайы сипатталды. Археозоологиялық тәсілдерге сәйкес, қарсақтың (Vulpes corsac) бас сүйегіне биометриялық өлшемдер жүргізілді. Сүйек қалдықтарды архозоологиялық талдау барысында, 8 жануар түрі, бір дана құс сүйегі және адам қаңқасының сүйек элементтері анықталды. Саны жағынан жылқы сүйектері бірінші орынды алып отыр, сүйектерінің саны жағынан екінші орында қой сүйектері алады. Ақшұңқыр кесенесінен табылған сүйектер аз болғанымен, үй жануарларына тиесілі барлық түрі кездеседі. Егістік кесенесінен үй жануарларының екі түрі мен жыртқыш жануарлардың сүйектері және жеке құс сүйегі анықталды. Мақала авторларының ойынша, кесенелерден табылған жануар сүйектері көне дәуірдегі ғұрыптармен байланысты. Дегенмен, жыртқыш жануарлардың бас сүйектері мен құстың бас сүйегіне қатысты мәселе басы ашық күйінде қалып отыр. Бәбіш мола оазисіндегі жерлеу орындарына ұқсас жерлеулерден табылатын жануар сүйектері мен олардың түр бойынша ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.

Түйін сөздер: Шірік рабат мәдениеті, Жанадария, Бәбішмола оазисі, кесене, жерлеу ғұрпы,

жануар сүйектері, археозоология, сүтқоректілер, остеометрия.

Автордың биографиясы

J. R. Utubaev, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан, Алматы қ.

доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Utubaev, J. R., & Shagirbaev, M. S. (2021). Бәбішмола оазисіндегі кесенелерден табылған остеологиялық материалдар. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 188–194. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.20

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая