Оңтүстік өңір қазақтарындағы қосалқы кәсіптің дамуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.19
        60 46

Аннотация

Сырдарияның төменгі ағысы балықшылық кәсібінің ерекше дамыған аймағы. Осы өңірлерде балық аулау ісімен ертеден қосалқы кәсіп ретінде айналысқан. Орыс қоныстанушыларының санының өсуі және 1901-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы балық шаруашылығының дамуына көптеген мүмкіндік ашты. Еділ бойынан, Астрахань өңірінен балық аулауды, өңдеуді білетін мамандар, балықшылар келіп қоныстана бастады. Мақалада ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде жүргізілген саяхатшылар, зерттеу экспедициялардың материалдары сарапталынып, сол өңірдегі балықшылық дәстүрінің даму ерекшелігі қарастырылды. Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы қазақтардың аймақтық ерекшеліктері назарға алынды. Пaтшa үкіметінің бaлық кәcіпшілігіне бaйлaныcты жүргізген caяcaты ең бірінші кезекте қaзынa мүддеcінен туындaды. Бaлық aулaйтын жерлерді жaлғa беру және жекелерге caту жүйеcінің жойылуы, cондaй-aқ теңіздегі еркін бaлық aулaуғa рұқcaт берілуі әр түрлі топ өкілдерінің бaлық кәcіпшілігімен aйнaлacуынa жaғдaй қaлыптacтырды. Ірі және ұcaқ бaлық өндіріcі иелерінің aрacындaғы күреc пен қaрaмa-қaйшылықтaр мемлекет тaрaпынaн зaң aрқылы реттеліп отырды. Алғашқы этнографиялық зерттеулер қатарына осы өңірде әскери басшылар мен әскери саяхатшылардың зерттеулерін жатқызуға болады. Әскерилердің зерттеулері қазақ жеріне Ресей билігін орнатуды көздеу мақсатында жүргенімен, сол кезеңдегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін анықтауға негіз болатын мәліметтер жүйесін қамтыды. Мақаланың дерек көзі ретінде Берг, Бутаков, Добромыслов еңбектері қолданылды.

Түйін сөздер: балық, балықшылық, шаруашылық, кәсіп, сауда.

 

Авторлардың биографисы

K. B. Baudiyarova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к.

Z. M. Terekbayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

PhD

Жүктелулер

Как цитировать

Baudiyarova, K. B., & Terekbayeva, Z. M. (2021). Оңтүстік өңір қазақтарындағы қосалқы кәсіптің дамуы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 178–187. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.19

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая