Қазақстанның заманауи өнері тарихының ерекшеліктері. Кескіндеме мен киноның өзара әрекеттесуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.17
        201 106

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның заманауи бейнелеу өнеріне киноның әсер ету үдерісінің қалыптасу тарихы қарастырылған. Кинематографиялық әдістердің көркем кенептің формалды тәсілі мен сарындарын таңдаудағы әр тарихи жылдардағы әсері ашылды. Мақала өнертану тарихымен байланысты. Заманауи шеберлер монтаж қағидалары, әр түрлі ракурстарына жүгінумен кеңінен айналысады. Монтаждау қағидалары уақыт пен кеңістікті көрсетудің басқа жолдарының ескі тәсілдері мен ізденістерінен бас тартатын тарихи кезеңдерде әрдайым сұраныста болуымен сипатталады. Сонымен, бүгінгі таңда жаңа кезеңдегі монтаждау әдістері жанрлық кескіндеменің әдеттегі шеңберінен шығып, қазіргі заманды ерекше, динамикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Кенептің әртүрлі фрагменттерінің композициялық бірлестігі кинодағыдай, тек автордың ойына бағынады. Тарихи тақырыптарға жазылған кескіндеменің маңызды тұжырымдамасы – ХХІ ғасырдың басындағы кинематографта соншама мәнге ие аңсау феномені. Мифтің қиял әлеміне айналуы, бейнеленген құбылыстардың ойын-сауық жағынан күшеюі отандық суретшілердің фэнтези фильмдер поэтикасын белсенді қолдануына әкелді. Қазіргі жағдайда, жаңа көрнекі тілді белсенді іздеу кезеңінде, қоршаған шындықтың бейнеленетін құбылыстарының әртүрлілігі мен күрделілігіне байланысты Қазақстан кескіндемесі әлемнің күрделенген, символдық маңызды көрінісін көрсету үшін қайтадан кино жетістіктеріне жүгінді.

Түйін сөздер: кескіндеме, кино, монтаж, ракурс, мұра, аңсау, фэнтези.

Авторлардың биографисы

D. S. Sharipova, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан, Алматы қ

т.ғ.к.,доцент 

S. Zh. Kobzhanova, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к.,доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Sharipova, D. S., & Kobzhanova, S. Z. (2021). Қазақстанның заманауи өнері тарихының ерекшеліктері. Кескіндеме мен киноның өзара әрекеттесуі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 169–177. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.17

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая