Қазақ ағартушылығы және дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруінің кейбір мәселелері

Авторлар

  • G. B. Idrısova Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-3870-8325
  • R. E. Junsheyev М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қ. http://orcid.org/0000-0002-5792-7582

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.14
        124 216

Аннотация

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамының мәселелері қарастырылады. Оның идеялық мазмұ- нын, әлеуметтік-саяси құрылымын, ұлттық құндылықтарын талдау көрсетілген. Тарихи ойлау- дың, дәстүрлі қоғамның ұлттық мәдениетінің негізі болып табылатын құндылықтарды қалыптас- тырудың рөлі мен орны айқындалды. Дәстүрлерді жаңғырту арқылы дәстүрлі қоғам құрылымын жан-жақты зерттеу мәселелері анықталды. Тарих пен мәдениеттің өзегі болып табылатын ұлттық дүниетанымды, рухани көздерді қалпына келтіру идеялары анықталды. Бұл процестің дүниетанымдық негізі ағартушылық болды. Ағартушылық ілімдерде адамзаттың идеялық- теориялық даму тәжірибесінің элементтері де, ұлттық өзіндік сананың өзіндік ерекшеліктері де жинақталғаны көрсетілген.

Мақалада XIX ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ қоғамының қайта құрылуының тарихи шарттары мен экономикалық және мәдени алғышарттары қарастырылады. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер рухани мәдениеттің жаңаруына, оның идеялық қайта құрылуына ықпал етеді. Тарихнамалық талдау көрсеткендей, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-философиялық ойлар тарихын зерттеу осы күнге дейін ол проблемалық-тақырыптық принцип бойынша емес, негізінен жеке тұлғаларға қатысты жүргізілді, бұл қазіргі кездегі ғылыми зерттеулердің басым бағыты болып қала береді. Дәстүрлі қазақ қоғамын трансформациялаудың тарихи шарттары,  экономикалық  және мәдени алғышарттары қаралды. Ол дәстүрлі әлеуметтік зерттеу әдіснамасы арқылы тақырыпты

жан-жақты зерттеуге негізделген.

Түйін сөздер: дәстүрлі қазақ қоғамы, трансформация, патриахалды-феодалдық қоғам, жаhандану, тарихи үрдіс, қазақ ағартушылығы

Авторлардың биографисы

G. B. Idrısova, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ.

PhD доктарант

R. E. Junsheyev, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қ.

доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Idrısova, G. B., & Junsheyev, R. E. (2021). Қазақ ағартушылығы және дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеруінің кейбір мәселелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 139–150. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.14

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая