ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСПАН ӘЛЕМІН БАҚЫЛАУ АРҚЫЛЫ АУА РАЙЫН БОЛЖАУДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ БІЛІМДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.20Аннотация
Мақаланың басты мақсаты – халқымыздың шаруашылықмәдениетіндегі аспан денелерінің ауа райын болжаудағы халықтық түсініктерін тарихнамалық принциптерге сүйене отырып зерттеу. Мақала отандық және шетелдік ғалымдардың этнологияға елеулі үлес қосқан, қазақ халқының шаруашылықмәдениетіндегі аспан әлемі мен табиғат құбылыстарын далалық этнографиялық материалдар негізінде зерттеген ғалымдардың ғылыми деректеріне сүйене отырып зерделенді. Автор тарихнамалық танымның өзіне тән әдістерінің ішіндегі пәнаралық әдістерді қолданды. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне орай жұлдыздардың атқаратын қызметіне жекежеке талдау жүргізе отырып тақырыптың негізгі бөлімі ашылды.
Жаңа заман ағымымен әр түрлі ақпарат құралдарының пайда болуының әсерінен халық астрономия іліміндегі аспантану мен табиғат құбылыстарына байланысты қазақ халқының ұлттық құндылықтары жоғалуда. Қазіргі таңда, зерттеу тақырыбына байланысты жарияланған ғылыми еңбектер саны өте аз. Осыған орай, далалық этнографиялық материалдар мен қазақ фольклорында кездесетін халқымыздың аспантану жөніндегі түсініктерін тереңнен талдай отырып, этнология саласының дамуына жаңа ғылыми зерттеулер енгізу зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде қарастырылды. Зерттеудің нәтижесінде далалық этнографиялық материалдар жинақтары мен қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ауа райына байланысты халықтың тұжырымдамалары салыстырылып сараланды.
Түйін сөздер: Күн, Ай, жұлдыз, Сүмбіле, Есекқырған, халық астрономиясы, Шолпан, Жетіқарақшы, Темірқазық, Қызыл жұлдыз, Үшарқар – Таразы.