ТАРИХИ-ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (АРХИВТАНУЛЫҚ АСПЕКТІСІ)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.15Аннотация
Қазіргі уақытта архивтердің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тарихиқұжаттық мұраны сақтау болып табылады, өйткені олар тарихи және ғылыми құндылыққа ие. Тарихи құжаттық мұраның сақталуын қамтамасыз ету дегеніміз архив құжаттарының толықтылығын қорғауға және олардың сақталуына кепілдік беретін ісшаралар кешенін қамтиды және өткен тарихтың шынайы дерегі болып табылады. Осындай жұмыстар кешеніне қоймалар салу, сақтаудың оңтайлы нормативтік жағдайларын жасау, құжаттарды тиімді орналастыру, қалпына келтіру, мемлекеттік есепке алу сынды түрлі шаралар жатады. Мақалада құжаттардың ескіру мен бұзылуына әсер еткен (физикахимиялық, механикалық, биологиялық) факторлар қарастырылады.
Архивтерде үнемі жүргізілетін өте маңызды жұмыстардың бірі құжаттарды қайта қалпына келтіру болып табылады. Құжаттардың түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда құжаттық ақпаратты сақтау мақсатында аса құнды архив құжаттарына сақтандыру қоры құрылады. Сондықтан құжаттардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін архив мекемелері үш негізгі міндетті шешеді, атап айтсақ, құжаттарды сақтауға жағдай жасау, құжаттарды қалпына келтіру және сақтандыру қоры мен құжаттарды пайдалану қорын құру. Мақалада Қазақстан Республикасының архив саласының осы мәселелеріне баса назар аударылған.
Түйін сөздер: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Ұлттық архив қоры, архив құжаттары, қалпына келтіру (реставрация), архивтік климатология, тарихиқұжаттық мұра.