Соғыс кезіндегі (1941-1945 жж.) күнделікті өндірістің заманауи шетелдік және Ресей тарихнамасындағы көрінісі

Авторлар

  • M. Potemkina Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Магнитогорск қ.; http://orcid.org/0000-0001-7056-1258
  • R. Zharkynbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8560-1654

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.10
        128 176

Аннотация

Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО­ның қорғаныс кәсіпорындарындағы күнделікті өндіріс проблемаларының шетелдік және ресейлік тарихнамасының заманауи тенден­ циялары талданады.

Қорғаныс кәсіпорындары жұмысшыларының күнделікті өндірістік тәжірибесіне назар аудару

– осы кезге дейін бұрынғы еңбектерде «өндірістік кадрлар» терминінің астында жасырын қалған кеңестік қоғамның жетекші әлеуметтік топтарының өмірін қайта қарастыруға мүмкіндік береді. Жұмысшылардың күнделікті өмірін зерттеу – насихаттық ерекшеліктердің шеңберінен шығуға және сол уақыттағы адамдарды түсінуге, олардың құндылықтары мен мінез­құлық себептерін ұғынуға, сол дәуірдің ерекшеліктеріне енуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар еңбек пен билікті күнделікті өмір тарихы тұрғысынан зерттеудегі жаңа көзқарастардың ерекшеліктері сипатталған. Соғыс жылдарындағы күнделікті өндіріс проблема­ лары туралы заманауи шетелдік және Ресей тарихнамасына шолу ұсынылады. Кеңестік тарихтағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін түсіну үшін «күнделікті өмір тарихының» маңыздылығы дәлелденеді. Күнделікті өмір тарихының бағыттарының бірі ретінде еңбек тарихына немесе

«жұмысшылар тарихына» ерекше назар аударылған.

Экстремалды соғыс жағдайындағы күнделікті өндіріс тақырыбын зерттеудегі негізгі жетістіктер мен талас тудыратын мәселелері көрсетіліп және осы ғылыми мәселені әрі қарай зерттеудің перспективалық бағыттары ашылған.

Түйін сөздер: тарихнама, Ұлы Отан соғысы, күнделікті өндіріс, Ресей, Қазақстан, КСРО, ғылыми зерттеулер, әлеуметтік тарих.

 

 

Авторлардың биографисы

M. Potemkina, Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, Магнитогорск қ.;

т.ғ.д.,профессор

R. Zharkynbayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д.,профессор

Жүктелулер

Как цитировать

Potemkina, M., & Zharkynbayeva, R. (2021). Соғыс кезіндегі (1941-1945 жж.) күнделікті өндірістің заманауи шетелдік және Ресей тарихнамасындағы көрінісі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 101(2), 91–98. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.10

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая