Шу алқабындағы кейінгі ортағасырлық қала (XIII-XVI ғғ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.07
        151 76

Аннотация

Мақалада кейінгі ортағасырлық кезеңдегі Аспара қалашығының рөлі қарастырылады. Топографиялық ерекшеліктері, материалдық мәдениеттің табылған бөлшектері арқылы ортағасырлық қала туралы тарихи, археологиялық, этнографиялық деректерге сүйене отырып, мәдени, әлеуметтік өмірді қайта құру мүмкіндігі туралы деректер келтірілген. Соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында Шу­Талас алқабындағы отырықшы мәдениеттің жағдайы нақтыланды. Кейінгі орта ғасырлардағы ескерткіштер ауқымы кеңейіп, материалдық мәдениет коллекцияларымен толықтырылды. Кейінгі орта ғасырлардағы қалаларда мәдени қабаттар онша айқын білінбейді; олар сол кезеңдегі отырықшы мәдениеттің жалпы жағдайының көрсеткіші ретінде үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, XIII­XVI ғасырларға жататын археологиялық материалдардың аздығына қарамастан, ортағасырлық дереккөздерде қалалар болмағанның өзінде ауылшаруашылығымен айналысатын тұрғындар саны байқалады. Аспара – алып жатқан аумағы бойынша сол кездегі елді­мекендерден өзгеше, сырты ұзын қабырғалармен қоршалған қала болды. Ұзын қабырғалар экономикалық және саяси ықпалдың өзіндік көрсеткіші болды. Сондықтан да аталған мақалада қарастырылған сипаттамаларға сәйкес, Аспара Қазақстан аумағындағы ортағасырлық қалалық мәдениеттің бірегей археологиялық ескерткіші болып табылады.

Түйін сөздер: кейінгі ортағасырлар дәуірі, мәдениет, археология, Шу алқабы, Аспара, Андас

батыр.

Авторлардың биографисы

A. A. Nurzhanov, ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан, Алматы қ

т.ғ.к.,доцент

G .A. Kaldybayeva, ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан, Алматы қ

т.ғ.к.,доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Nurzhanov, A. A., & Kaldybayeva, G. .A. (2021). Шу алқабындағы кейінгі ортағасырлық қала (XIII-XVI ғғ.). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 101(2), 65–71. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая