Ақпан төңкерісі және Қазақстандағы Уақытша үкімет билік органдарының қоғамдық-саяси ұйымдармен қарым-қатынасы
Аннотация
Мақалада Ақпан төңкерісінің әсері және Қазақстандағы Уақытша үкімет билік органдарының қоғамдық-саяси ұйымдармен қарым-қатынасы қарастырылған. Айталық негізінен Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда Қазақ комитеттеріне, Мұсылмандар комитетті және тағы басқа қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді. Ал, осы ұйымдардың ішінде негізінен Уақытша үкіметтің ұлттық тірегі болған Қазақ комитеттері мен мұсылман комитеттері, сондай-ақ, ұйғыр- дүнген (Тараншы-дүнген), Қырғыз уездік комиттері сияқты ұлттық және діни негізде құрылған ұйымдар еді. Кейбір зерттеушілер бұл ұйымдарды оқшау ұлттық құрылым, Уақытша үкіметтің сойылын соғып, көзсіз қол шоқпары болды деген сипатта көрсетіп айтып келді. Бірақ бұл ұйымдардың негізінен Уақытша үкіметпен қарым-қатынасы жағымды сипатта болған, мақалада олардың өзара байланысы туралы баяндалады. Сонымен қоса мақалада Уақытша үкімет мекемелері үшін Жетісуда 1916 жылдан кейін қалыптасқан халықтар арасындағы өшпенділікті мүмкіндігінше басқа арнаға түсіру, ымыраластыру, өзара ынтымақ пен келісімге келтіру міндеті туралы айтылады. Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті де 1917 жылы 25 сәуірдегі мәжілісінде Жетісу облысындағы ұлтаралық шиеленістің ауыр оқиғаларға соқтырып отырғанын талқылай келе көтерілістің ауыр салдарын жою шаралары да қарастырылады.