Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігіндегі оғыз қалалары туралы жазба деректерге шолу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.04Аннотация
Ұлы Жібек сауда жолының Орта Азиядағы бір тармағы Қазақстанның Оңтүстік аумағы арқылы өтеді. Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, яғни Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысында орналасқан оғыз кезеңінің елуден астам елдімекендері мен қалаларының орындары белгілі. Сырдария өзенін жағалай орналасқан бұл ескерткіштердің тыныстіршілігі Ұлы Жібек сауда жолы бойындағы саудақатынастарымен тығыз байланысты болды. Оғыз қалалары туралы алғашқы деректер Орхон жазба ескерткіштерінен бастау алады. Сонымен қатар, IXXIV ғасырларда өмір сүрген арабпарсытүркі тілдес саяхатшылардың, тарихшылардың, географтардың еңбектерінде оғыздардың әлеуметтік қарымқатынасы, басқару жүйесі және олар мекендеген қалалардың тыныстіршілігі сипатталады. Мақалада Оғыз қалалары ретінде белгілі болған Сауран (Сабран), Сығанақ, Баршынкент (Барчинлы Кент), Асанас (Ашанас), Жент, Жанкент (Жаңакент) сияқты ортағасырлық қалалар туралы жалпы мәліметтер келтірілген. Қалалардың атаулары бір емес, бірнеше рет өзгертілгені жайлы және ғалымдардың пікір таластары көрсетілген. Оғыздардың тарихи қалалардың атаулары қазіргі таңда, зерттеушілер мен халықтың арасында кеңінен танымал. Мақалада осы атауларға байланысты пікірталас, талдаулар жазылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында ортағасырлық тарихшысаяхатшылардың, сондай ақ, орыс тарихшылары мен зерттеушілерінің еңбектеріне шолу жүргізілді.
Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы, Қазақстан, Сырдария өзені, ортағасырлық қалалар, оғыздар.