КЕҢІСТІКТІК ӨЗГЕРІС БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ БИІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІ (БАРКӨЛ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ АУДАНЫ ДАЧАЙГҮ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Renqingsubude Renqingsubude Ішкі Моңғолия университеті, Қытай Халық Республикасы, Хохот қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.03
        45 35

Аннотация

Мақалада қазақ халқының би өнері ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық дәстүр екені және оның әлеуметтік қызметінің, сипатының маңызы туралы айтылған. Сонымен қатар дәстүрлі би өнеріне көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа ауысу нәтижесінде би формаларының да кеңістіктік өзгеріске ұшырағаны туралы мәліметтер келтіреді. Ұлттық, дәстүрлі би өнерінің ғылыми тұрғыда талқылануы өте сирек кездеседі. Баркөл Қазақ автономиясында мекен ететін қазақтар би өнерін күні бүгінге дейін сақтап келе жатыр. Себебі Қытай мемлекетінде қоныстанған қазақтар ежелгі этникалық тайпалардың бірі болып табылады және де оларда ұзақ тарихы бар халық биі қалыптасқан. Қазақтың дәстүрлі халық билерінде жайылымдық мал шаруашылығы тұрмысымен сипатталатын әртүрлі билері бар. Би өнері түрлері халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмір сүру ортасы туралы да ақпарат беріп қоймай әлеуметтік маңызға да ие. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты да сипаттайтын маңызды рөлге ие. Қазіргі уақытта көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың отырықшылыққа көшу процесінде дәстүрлі әлеуметтік кеңістіктегі өзгерістерге байланысты, қазақ халқының рухани мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі би мәдениеті де өзгерді. Түйін сөздер: қазақ халық биі, кеңістіктік өзгеріс, әлеуметтік функция, көшпелі тұрмыс, отырықшылық.

Автордың биографиясы

Renqingsubude Renqingsubude, Ішкі Моңғолия университеті, Қытай Халық Республикасы, Хохот қ.

Phd докторант

Жүктелулер

Жарияланды

2021-06-10

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая