Қазақ туыстық антропологиясын әлемдік ғылыммен интеграциялау мәселесі

Авторлар

  • D. T. Nogaibayeva ЕНУ им Л.Н.Гумилева
  • Z. O. Ibadullayeva

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.12
        52 107

Аннотация

Қазақ антропологиясын әлемдік ғылыммен интеграциялауда туыстық жүйе мәселесінің
алатын орны ерекше. Себебі, қазақ туыстық заңдылықтары мен әлемдік ғылымда орын алған
тұжырымдар арасында біраз алшақтықтар бар. Олар қазақ туыстық антропологиясындағы басы
ашылмаған мәселелерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл, бір жағынан, әлемдік антропология
әдістерін отандық ғылымда кең қолдануға, екінші жағынан, әлемдік классификация мен
типологияда қазақ (түркі-моңғол) туыстық жүйесінің орнын анықтауға жол ашпақ. Мысалы,
қазақтың дәстүрлі көшпелі социумын зерттеуде отбасы қатынастары мен туыстық жүйе
механизмдерін талдау аса маңызды міндеттердің бірі. Осы жолда батыс ғылымының әдістерін
меңгеру, әлемдік туыстық антропологияда қазақ туыстық жүйесінің орнын анықтау, соның ішінде
қазақ туыстық терминдер жүйесінің типологиясы мәселесін қарастыру маңызды. Мақалада
ішінара туыстық қатынастарды процессуалдық тұрғыдан қарастыру арқылы талдау мәселесіне
көңіл бөлінген. Талдаудың бұл түрі мүліктік қатынастар мен заң және моральдық нормалардың
туыстық жүйе арқылы социумдағы реттелу жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар қазақ туыстық жүйесінің ғылымға белгілі типологиялар жүйесіне сәйкеспейтіні және
жалпы туыстықтыққа қатысты әлемдік тәжірибеде кезедесетін қалыпты заңдарға бағынбайтын
тұстары қарастырылады.
Түйін сөздер: отбасы, туыстық жүйе, байланыстылық, туыстықтың процессуалды сипаты,
минорат, майорат, туыстық терминдер жүйесінің типологиясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Nogaibayeva, D. T., & Ibadullayeva, Z. O. (2021). Қазақ туыстық антропологиясын әлемдік ғылыммен интеграциялау мәселесі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 103(4), 122–130. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.12

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая