«Қазақ» термині және этнонимі
Аннотация
Авторлар мақалада «қазақ» сөзінің шығу төркіні мен этнониміне қатысты мәселелерді қарастырады. Мақаланың бірінші бөлігі қазақ сөзіне ұйқас келетін сөздерді талдауға арналса, екінші бөлікте авторлар өзіндік тұжырымдарын ұсынады. Алдымен, VIII-XIII ғасырлар аралығында араб-парсы тілінде жазылған еңбектердегі қазақ сөзіне ұйқас келетін терминдерге талдаулар жасалады. «Казахия», «касак», «хасак - тэрген», «хасактар» деген жазба деректердегі сөздердің қазақ сөзімен фонетикалық ұйқастығынан басқа ешқандай байланыс жоқ деген тұжырымға келеді. Мақаланың екінші бөлігінде авторлар қазақ сөзінің нақты көпшілік мойындаған этимологиясының жоқ екенін айта келе, «қазақ» сөзінің алғашқыда әлеуметтік мәнде қолданылғанын, кейін келе этникалық мәнге ие болғанын тарихнамалық және деректік материалдар негізінде дәлелдеп көрсетеді.