Алтын Ордада ислам дінінің таралуына әсер еткен факторлар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.011
        639 653

Аннотация

Ислам діні қазіргі Қазақтан топырағына алғаш VIII ғасырда келсе де дала халқының толығымен мұсылмандануы тек Алтын Орда заманында (XIV ғасырдың ортасында) жүзеге асқан деп толық айта аламыз. Осы себептен қазақ халқының дәстүрлі діни дүниетанымының қалыптасуында Алтын Орда кезеңі маңызды орын алады. XIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейін Орта Азияда ислам халықтың көпшілігі ұстанатын дін еді. Алайда, моңғол шапқыншылығынан кейін, ислам діні өзінің жетекші орнынан айырылып, алып империядағы көп діндердің біріне айналды. Алтын Орда мемлекетінің алғашқы жылдарында-ақ қоғамдық санаға үстемдік ету үшін діндер арасында үлкен бәсекелестік жағдайы орын алды. Дегенмен көп өтпей, ислам діні алдыңғы орынға шықты. Берке хан заманында басталған Алтын Орданың мұсылмандану процесі, Өзбек хан тұсында мемлекеттің ресми дініне айналуымен аяқталды. Бұл жағдай тарихи һәм археологиялық деректер бойынша дәлелденіп отыр. Исламның Алтын Ордада орнығуына бірнеше мәдени, әлеуметтік, экономикалық және геосаяси факторлар әсер еткен деп тұжырымдауға болады. Өз кезегінде ислам діні дала халқының руханияты үшін күресте жеңіске жетіп қана қоймай, Алтын Орда мемлекетінің тарихында үлкен рөл ойнаған.

Түйін сөздер: Алтын Орда, дін, мұсылмандану, түркілер, моңғолдар.

Автордың биографиясы

T. Abylov, Анкара университеті, Түркия, Анкара қ.

PhD докторант

Жүктелулер

Как цитировать

Abylov, T. (2021). Алтын Ордада ислам дінінің таралуына әсер еткен факторлар. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 96–104. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.011

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая