Сақ-парсы соғыстары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.09
        2334 782

Аннотация

Бұл мақалада парсылардың патшалары Кир және Дарийдің сақтарға жасаған басқыншылық жорықтары Геродот, Ктесия, Мегасфен Диодор, Полиэн, Беросс сияқты грек деректеріне және Дарийдің Бехустин жазбасына сүйеніп жазылған ғылыми зерттеулер арқылы жан-жақты баяндалады. Атап айтқанда, Кир мен Дарий патша бастаған парсылардың сақ даласына жасаған жорықтарының бағыттары мен уақыттары, ең басты мақсаттары мен себептері, қозғаушы күштері мен алғышарттары және тарихи байланыстары талданып, оған қарсылық көрсеткен сақ тайпаларының атаулары мен олардың мекен еткен аймақтары анықталады. Сондай-ақ Кирмен соғысқан сақтардың патшасы Томиристың тарихи қызметі мен оның есімінің этимологиясы бірнеше деректердің негізінде ғылыми тұрғыдан сараланады. Кирдің массагеттермен өткен шайқастың бірнеше нұсқалары талдаудан өткізіліп, оның өліміне байланысты болжамдар жасалады. Кирдің өлімінен кейін сақтарға жорықты одан әрі жалғастырған парсылардың патшасы Дарийдің шапқыншылығына да ғылыми негізде бағалар беріліп, оның себептері мен уақыты, бағыттары мен барысы және нәтижесі жан-жақты сипатталады. Дарийдің басқыншылығына қарсы соғысқан сақтардың патшалары Иданфирс, Скопасис және Таксакистің қорғаныс стратегиялары мен партизандық тактикалары, сондай-ақ ерліктері мен табандылықтары деректердің материалдары бойынша сарапталады.

Түйін сөздер: скифтер, парсылар, массагеттер, Геродот, Томирис, Кир, Дарий, Окс, Яксарт,

Дунай.

Авторлардың биографисы

B. A. Dzhursunbaev, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қ.

т.ғ.к.доцент 

B. T. Zhubanyshоv, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к.,доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Dzhursunbaev, B. A., & Zhubanyshоv B. T. (2021). Сақ-парсы соғыстары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 77–88. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.09

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая