«Turk ocaklari» (түрік ошақтары) шеңберінде Ататүріктің мәдени саясаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.05
        144 71

Аннотация

Осман империясындағы әлеуметтік құрылым мемлекеттің мәдени әртүрлілігінің ең жарқын айғағы болды. Космополиттік орны бар мемлекетте әрбір қолданыстағы қауымдастықтың өзіндік мәдени түсінігі қаланған еді. Алайда, елдегі алуан түрліліктен туындаған бұл мәдени күрделілік уақыт өте келе қоғамда түрлі мәселелер мен дуализмге алып келді. Осман империясының орнын басқан Түрік Республикасы өзінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құрылымын түбегейлі өзгертті. Ататүрік қазіргі Түрік Республикасының негізін қалаушы ретінде әскери данышпан, әлемдік деңгейдегі көшбасшы, президент ғана емес, сонымен бірге мәдениет саласында күрделі саясат жүргізген тұлға ретінде танылуда. Қазақстандық зерттеуші үшін республика кезеңінде мәдени өмірде болған оқиғалар мен қиындықтар Отандық тарихнамада аз айтылды. Зерттеулердің көпшілігі мақалалар түрінде немесе үстірт қарастырылды. Олардың көпшілігінде мәдени мәселелер Түркияның білім саясатына енгізілді. Елде шешуші реформаларды жүзеге асыра отырып, Ататүрік ұлттық мәдениетке және оның маңыздылығына назар аударуды ұмытпады. Осы тұрғыда ол саясат әзірлеп, түрік ұлттық мәдениеті мен элементтерін, басқа ұлт мәдениеттерінің элементтерін біріктіріп, синтез құруға тырысты. Әрине, Ататүріктің түрік ұлтын қазіргі өркениет деңгейіне жеткізуге деген ниеті мен күш-жігері маңызды рөл атқарды. Ататүріктің мәдени саясатының негізінде жатқан революцияшылдық, ұлтшылдық және зайырлылық ұстанымдары оның күресінің ең тиімді қаруы болып табылады. Бұған оған «Түрік ошақтары» құрамына кірген Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының эмиграцияға мәжбүр болған көсемдері белсенді көмектесті. Осыған байланысты бұл мақалада «Түрік ошақтарының» қалыптасуының негізгі аспектілері және оның Мұстафа Кемал Ататүріктің мәдени саясатындағы рөлі қарастырылған.

Түйін сөздер: Ататүрік, Түркия Республикасы, «Түрік ошақтары», мәдени саясат.

Авторлардың биографисы

М. Sh. Egamberdiyev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к.,доцент

İ. Y. Turgunbayev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Egamberdiyev М. S., & Turgunbayev, İ. Y. (2021). «Turk ocaklari» (түрік ошақтары) шеңберінде Ататүріктің мәдени саясаты. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 39–46. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.05

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая