Қазақ жырауларының шығармаларындағы тарихи ой
Аннотация
Мақалада Қазақ хандығының идеологтары, хандардың кеңесшісі әрі серігі, жекелеген тайпалардың жауынгер басшысы ретінде қызмет еткен жыраулар шығармаларының өзіндік ерекшеліктері және маңызы ашылады. ХІХ ғасырдағы жыраулар шығармашылығының сипаты анықталады. Туындыларында маңызды әрі көкейкесті түйткілдер турасында ой толғаған жыраулардың тарихи ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріледі. Қазақ ақын-жырауларының, соның ішінде Дулат ақынның туындыларындағы тарихи ойдың көрініс табуы қарастырылады. Дулат Бабатайұлының «Қайран қазақ, қайтейін» деген шығармасының мазмұны айқындалады. Еңбектегі қазақ жүздерінің Ресей империясының боданына айналудың басты себебі көрсетіледі. Империяның боданына айналған елдің жағдайын, жергілікті билеушілердің әрекеттерін дөп басып айтқан ақынның тұжырымдары талданады. Оның пікірлері Шоқанның, Ыбырайдың, Ахмет Байтұрсынұлының көзқарастарымен салыстыра көрсетіледі. Орыстың отарлау саясатының ауқымына енген қазақ халқының басына түскен ауыр жағдай Дулаттың өлең жолдары арқылы баяндалады. Патшалық Ресейдің рухани отарлауының зардаптары туралы айтқан ойлары келтіріледі.