Ежелгі болғар-славян қатынастарының кейбір ерекшеліктері туралы

Авторлар

  • Талас Омарбеков
        58 43

Аннотация

Мақалада автор ежелгі дәуірдегі Қара теңіздің солтүстік аймағын мекендеген болғар тайпаларының тарихи тағдырын нақты деректер негізінде қарастырған. Автордың ойынша көне тарихы байырғы ғұндар одағынан бастау алатын осы халықтың тарихы аса күрделі. Өздеріне көрші болған хазарлардың қысымына шыдас бермеген болғарлар құрған Ұлы Болғария хандығы ыдырап кетті. Мақалада автор олардың Аспарух хан бастаған үлкен бөлігінің Дунай асып, жаңа хандық құрғанын және бұл хандықта олармен бірге савир тәрізді славян тайпаларының да мүше болғанын, яғни бұл жаңа хандықтың шын мәнінде славян-түрік мемлекетінің негізін қалағанын, ал мұның өзі ататектері түркітілдестер болып табылатын ежелгі болғарлардың осы бөлігінің славяндануына алып келгенін әңгімелейді. Мақалада сонымен қатар хазарлардан солтүстікке, Еділ бойына ығысқан болғарлардың тағы бір үлкен тобының тарихи тағдыры нақты айтылады. Автор мұнда ежелгі деректер мен зерттеулерді кеңінен пайдалана отырып, әсіресе араб Ибн Фадланның жазбаларына баса көңіл аударған. Олардың негізінде осындағы болғарларға көрші рус, хазар, башқұрт тәрізді тайпалардың кейбір жағымсыз, исламдық ұстанымға қайшы келетін әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары әңгімеленген. Бұлар негізінен алғанда бұрын әртүрлі себептермен назар аударылмаған, алайда өткен тарихты шынайы қалпына келтіру үшін қажет те маңызды мәселелер. 

Жүктелулер

Как цитировать

Омарбеков, Т. (2017). Ежелгі болғар-славян қатынастарының кейбір ерекшеліктері туралы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 85(2), 4–11. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/104

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества