ХVҒ. – XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ (ХХ ғасырдың 20 жж. дейін)

Авторы

  • А. Коптилеуова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Қазақстан, Астана
        87 751

Аннотация

Мақала «Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу тарихы (XV ғ. – XVIII ғ. басы)» атты диссертациялық жұмыстың зерттелу тарихының алғашқы кезеңіне арналады. Автор қазақ халқының ру-тайпаларының қоныстануының территориялық аумақтарын XVIII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 20 жж. дейінгі аралықта жазылған еңбектерді талдау арқылы анықтауға тырысады. Зерттеу жұмысының барысында тарихилық, логикалық, жүйелілік тарихнамалық зерттеу әдістері қолданылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер жариялану мерзіміне қарай талданған. Осылайша В.В. Тевкелев, П. Рычков, Я.П. Гавердовский, А.И. Левшин, Ш.Ш. Уәлиханов, А.Н. Аристов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тынышпаевтардың еңбектеріне тарихнамалық сараптама жасалған. Мақаланың қорытындысында автор аталған ғалымдардың еңбектерінің ішінде Я.П. Гавердовский, А.И. Левшин, Ш.Ш. Уәлиханов, М. Тынышпаевтың еңбектерінің қазақ ру-тайпаларының орналасу территорияларын анықтауда маңызын ерекше атап көрсетеді, себебі бұл әдебиеттердегі мәліметтер қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалардың орналасу аумақтарын толық дерлік сипаттайды.

Загрузки

Как цитировать

Коптилеуова, А. (2018). ХVҒ. – XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ (ХХ ғасырдың 20 жж. дейін). Вестник КазНУ. Серия историческая, 87(4), 107–112. извлечено от https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/171

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая