1955-1991 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ТҰРҒЫН-ҮЙ САЯСАТЫ (Кентау қ. материалы бойынша)

Авторы

  • Е. Пазилов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
        42 44

Аннотация

Мақалада 1955-1991 жылдардағы Кентау қаласында кеңестік тұрғын-үй саясатының негізгі бағыттарының жүзеге асырылуы баяндалады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі қаладағы тұрғын-үй құрылысының қарқыны, тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілу деңгейі, тұрғын үйлердің сапасы мен жағдайы қарастырылады. Мақала осыған дейін ғылыми айналымға түспеген архив деректерінен алынған нақты материалдарға сүйеніп жазылған.
Тұрғын үй – адамзат өркениетінің түрлі тарихи дамуында homo sapiens-тің әлеуметтенген тіршілік ету кеңістігі және күнделікті өмір сүру сапасының басты көрсеткіші болып келеді. Алайда бұл мәселе әр елде немесе түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттік биліктің ұстанымына байланысты түрліше шешімін тауып отырды. Кеңестік және посткеңестік кезеңдерде тұрғын үй құрылысы қаншалықты қарқынды жүргізілгенімен, тұрғындардың баспанаға деген сұраныстарын толық өтей алмады.

Загрузки

Как цитировать

Пазилов, Е. (2018). 1955-1991 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ТҰРҒЫН-ҮЙ САЯСАТЫ (Кентау қ. материалы бойынша). Вестник КазНУ. Серия историческая, 87(4), 98–106. извлечено от https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/170

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая