Работы в городище Ушкан (по итогам археологической разведки в 2021 года)

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.017
        64 75

Аннотация

Мақалада отырықшылық мәдениеттің ескерткіші - ортағасырлық Ұшқан қаласы туралы зерттеулер берілген. Соңғы жылдардағы жиналған деректер арқылы авторлар қала туралы жаңа тұжырымдар береді. Негізі аңыздар мен деректерге талдау жасайды. 

Батыс Қазақстан аймағында қала мен елді мекендердің қалыптасуына негізінен тұшы су көздерінің және сауда жолында болуы себеп. Соңғы жылдарда зерттеулер белсенді жүруіне байланысты бұрын мардымсыз зерттелген мекендер тыңғылықты зерттелу үстінде. Солардың бірі - Ұшқан қаласы. Зерттеулер көрсеткендей, Ұшқан ортағасырларда әлеуметтік-саяси орны бар қалалардың бірі болған. Алтын Орда кезеңінде, Ұлы Жібек жолы бойында Еуропа мен Азияны байланыстырған керуен жолының тармағында орналасқан қала. Транзиттік сауданың арқасында қала жылдам өркендеп дамыды. Маңында жер асты тұщы бұлақтары бар қала су тапшылығы бар батыс өлкесі үшін ерекше маңызды болды. Қала саудагерлерге қызмет көрсетіп, маңызды транзиттік орталық ретінде айтарлықтай дамыды.   

Қала орнында толыққанды археологиялық қазба жұмысы жүргізілген жоқ. Сондықтан негізінен жазбаша деректер мен этно-археологиялық барлау жұмыстарының есептері пайдаланылды. Келешекте қалада қазба жұмысы жүргізілер болса, ол зерттеулер тың деректер беруі мүмкін. Сонымен бірге қала атауының шығуы туралы әртүрлі жорамалдарға талдау жасалды. Осы және тағы да басқа мәселелер мақалада баяндалады.

Түйін сөздер: Ұшқан, археологиялық зерттеу, қала, отырықшылық мәдениет, Алтын Орда, керуен-сарай.

Загрузки

Как цитировать

Kasenov, M., Zhumabaev, A. Z., & Turaruly А. (2023). Работы в городище Ушкан (по итогам археологической разведки в 2021 года). Вестник КазНУ. Серия историческая, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.017

Выпуск

Раздел

Раздел 3 Aрхеология и этнология