Важность анализа стабильных изотопов в науке археологии
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.014Аннотация
Ежелгі халықтың тамақтану жүйесін қайта қалпына келтіру үшін олар өмір сүрген экожүйеге тиесілі тағамдық компоненттерінің изотоптық құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізу маңызды. Тұрақты изотоптарды талдау археологтар мен көптеген басқа ғылымды меңгерушілердің адам, жануарлар сүйектерінен ақпарат жинау үшін қолданатын ғылыми әдісі. Көміртектің (δ13C) және азоттың (δ15N) тұрақты изотоптарын талдау қазіргі палеодиетаталық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Соның негізінде өмір бойы тұтынған өсімдіктердің фотосинтез үдерісін анықтайды.
Тұрақты изотопты талдау жұмыстарының нәтижелерін археологиялық ескерткіштермен байланыстырып, ғылыми тұжырымдар жасауға көп көңіл бөлінбейді. Кейбір жағдайларда бұл хронологиялық немесе мәдени типке сәйкес үлгілердің шағын топтарын біріктіретін қоғамдық зерттеулерді жүргізу қажеттілігіне байланысты. Бір санаттағы үлгілердің саны салыстырмалы түрде аз болған жағдайда, бұл тәсіл белгілі бір мәдениет немесе уақыт кезеңі туралы қарапайым ақпарат бере алады. Сондай-ақ, жеке жерлеулердегі археологиялық контекстті зерттеу изотопты талдау нәтижелерін талқылаумен бірге көбірек нақты мәліметтерді алуға және одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа гипотезаларды қалыптастыруда өз септігін тигізеді.
Бұл мақалада остеологиялық материалдарға тұрақты изотопты талдау жұмыстарын жүргізудің археология ғылымы үшін маңыздылығы, берер жаңашылдықтары, қазіргі даму тенденциялары мен Қазақстан аймағынан табылған материалдарға жүргізілген зертханалық талдау нәтижелері мен жасалған ғылыми тұжырымдары толығырақ жазылған. Сондай-ақ, тұрақты изотопты талдаудың ежелгі тұрғындарының тамақ рационын анықтаудағы мүмкіндіктері сипатталған.