The results of field research in the Rakhat gorge in 2021-23. (for ceramic materials)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.016Abstract
Мақалада 2013 жылдан бастап «Есік» музей-қорығының қызметкерлерімен, оның ішінде 2017-2019 жылдар аралығында қытайлық әріптестерімен бірге осы бірегей ескерткішті зерттеудің қысқаша тарихы берілген. Сондай-ақ, аталмыш мақалада 2021-23 жж. қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыс фрагменттеріне сипаттама беріледі. Фрагменттерге түсіндірме (түрлері) жүргізіледі – қарлұқ және қараханидтер кезеңдеріне жататын ортағасырлық ас үй және асханалық қыш ыдыстарының үлгілері ұсынылады. Аталмыш ескерткіштің мәдени қабаттарын түсіндіруге арналған археологиялық дереккөздер ретінде – ортағасырлық кезеңдегі қыш ыдыстардың фрагменттері болып табылады. Қыш ыдыстар өркениетті адамзаттың материалдық мәдениеті тарихында ең көп тұтынылатын материал болды. Өндірістік шаруашылықтың басынан, яғни өркениеттің басынан бастап ата-бабаларымыздың өмірінде сынғыш және салыстырмалы түрде оңай жасалды. Оның дамуымен көзешінің қоғамдағы рөлі өзгерді, технологиялар жетілдірілді, ою-өрнек, ангобты қолдану әдістері және т.б. дамыды немесе құлдырап отырды.
Рахат археологиялық ескерткіші Алатау тауларының төменгі тау алды алқапта орналасқан. Тау алды алқап солтүстікке қарай іргелес алқаптан жоғарырақ. Жоғарыдан Талғар-Есік сағасының бүкіл аңғары мен оған іргелес жатқан Іле Алатауының етегі анық көрінеді. Одан әрі оңтүстікке қарай бірте-бірте тауларға қарай көтеріліп, салыстырмалы түрде көлденең алаңқай іргелес жатыр. Ескерткіш қазіргі Талғар мен Есік қалаларының арасында, оларды байланыстыратын заманауи тас жолдың дәл үстінде орналасқан. Ескерткіштен бір-екі жүз метр шығысқа қарай Рахат өзені ағып жатыр, ол сары топырақты алқапты оңай шайып өткен. Шатқалдың тар кіреберісі солтүстік желден ықта орналасқан, халықтың өмірін Іле алқабының тұрғындарынан жасыраған секілді. Сонымен қатар, ау алды алқап пішінінің өзі айқын ерекше пішінге ие - орлар мен жыралар бар бекініс.