Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Abstract
Мақалада қазақ қоғамындағы батырлар институты өкілдері қазақ мәдениетіндегі ерекше феномен ретінде қарастырылады. ХVІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғасырдың басында қазақ батырларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік рөлі ерекше маңызды болғаны белгілі. Мақалада батырлар институтының қоғамдағы орны ғылыми сарапталып, әлеуметтік институт ретіндегі орны талданады. Ел бірлігі мен тұтастығы мәселесіндегі батырлардың әскери өнері, шешендік өнері, ұйымдастырушылық қабілеті мен халық үшін жанқиярлық қасиеттерінің қазақ мемлекеттілігі жолындағы алатын орны қарастырылады.