Қазақстан энеолиті: зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері

Authors

  • V. Slavchev Regional Museum of Varna, Bulgaria
  • D. Baigunakov Kazakh National University n. a. Al-Farabi
  • G. Sabdenova Kazakh National University n. a. Al-Farabi
        53 29

Abstract

Мақалада Қазақстан энеолитінің мәселелері қарастырылады. Зерттелу тарихы біршама жүйеленген. Негізгі мәселелері сарапталған. Қазақстанның солтүстік аудандарында энеолиттік ескерткіштер жақсы зерттелінген. Әсіресе жергілікті ауылдың атауымен аталған Ботай мәдениеті ерекше көзге түседі. Оны бөліп көрсеткен археолог В.Ф. Зайберт. Далалық өзендер аңғарынан 20 шақты қоныстары анықталған. Археологтардың есептеуінше, мұнда байырғы адамдар 250-ден астам баспаналар тұрғызған. Жартылай жертөле түріндегі баспаналардың аумағы 20-70 шаршы м аралағында. Көпжылдық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген еңбек құралдары табылған. Ботай қонысынан орасан зор көлемдегі сүйек қалдықтары аршып алынған. Жабай түз тағыларының сүйектерінен басқа, жылқыға тиісілі сүйек қалдықтары өте көп. Мұның өзі жылқының қолға үйретілгендігінің белгілерін нақты көрсетеді.
Басқа ғалымдар (В. Логвин, В. Мерц) тарапынан бірнеше жергілікті топтардың (терсек тобы, шідерті тобы) зерттелуі ботай энеолиттік мәдениетінің географиясын кеңейтуге, оның мазмұнына жан-жақты сипаттама беруге, Қазақстан энеолитінің негізгі мәселелерін қарастыруға
мол мүмкіндіктер ашты. Қазақстанның көптеген аудандары, әсіресе орталық, шығыс, оңтүстік өңірлер әлі де болса
кешенді түрде зерттеліне қойған жоқ. Кейбір аудандарда жекелеген олжалар негізіндегі бірен- саран ескерткіштер ғана кездеседі. Келешекте зерттеушілер осы бағытта жұмыс істеп, энеолит дәуіріндегі тарихи-мәдени үрдістерді анықтаулары тиіс.

Downloads

How to Cite

Slavchev, V., Baigunakov, D., & Sabdenova, G. (2018). Қазақстан энеолиті: зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері. Journal of History, 87(4), 40–45. Retrieved from https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/161

Issue

Section

Journal KazNU: History