Арал-Сырдария өңіріндегі түйе типтері атауларының этимологиясы
Abstract
Мақалада қазақ халқының дәстүрлі түйе шаруашылығына қатысты этнографиялық мәселелер қарастырылған. Түйе шаруашылығы қазақ халқының тіршілік қамы жүйесінде маңызды рөл атқарады. Түйе малы қазақтар арасында байлық саналған. Малы көп, әсіресе түйе мен жылқыға бай малшылар алысқа көше алды. Алысқа көшетін қазақтар түйені жүк көлігі ретінде пайдаланған. Түйенің күші жер жырту, су шығару, жүк тасу қызметтеріне пайдаланылған. Түйенің еті мен сүті азық болса, терісі, сүйегі, жүні тұрмыста кеңінен қолданылған. Қазақ халқы түйе малын қастерлеп «ұлық» деп, ал түйешіні «ұлық баққан» деп атаған. Түйеге қатысты дәстүрлер, халық білімі, наным сенімдер жүйесі қалыптасқан. Түйе малы қазақтар арасында байлық саналған. Түйені Сырдың төменгі ағысын, Арал бойын, Маңғыстау өңірін, Қызылқұм, Қарақұмды, Борсық құмдарын мекен еткен тайпалар көбірек өсірген. Түйені – төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі.