Орта ғасыр түркі классикалық шығармаларындағы көне иран мәдениетінің іздері

Авторлар

  • Metin Özarslan Hacettepe University image/svg+xml
  • Zubaida Shadkam Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-3-260

Аңдатпа

Түркі мәдениеті үшін ежелгі Иран өркениетінің алар орны үлкен. Түркі тіліне парсы тілінен сансыз сөздер енген. Ислам дінін қабылданғаннан кейін де Араб сөздері Парсы тілі арқылы түркі тіліне кірген. Мысалы: Түркі тіліндегі наным-сенімге қатысты «Ораза, пайғамбар, намаз, періште, бейіш ...» сияқты сөздер Парсы тілінен алынған сөздер. Ежелгі Иран өнері, мифологиясы және поэзиясы түркілердің әдеби шығармалары мен сопылықтың (тасаввуф) қалыптасуында елеулі рол ойнаған. Әрине бұл жерде парсы тіліндегі түркизмдердің де күнделікті өмірде және саяси, әскери салаларда да кеңінен қолданыста екендігін ұмытпауымыз қажет. Қазіргі Орта Азия мен Маврауннахр (қос өзең) аймағында ортағасырларда қолданыстағы «дәри» деп айтылатын парсы тілі сөйлесу, жазу тілі болған. Сондықтан Орта Азия Түркі мәдениеті үшін Парсы тілінің маңыздылығын үлкен деп күмәнсіз айта аламыз және онда парсы мәдениетінің іздерін күні бүгінге дейін байқалады. Бұл мақалада орта ғасырдың маңызды түркі-ислам жазба әдеби мұраларының бірі болып табылатын «Құтадғу Біліг» пен біздің заманның алғашқы жүз жылдарында ежелгі парсы (пахлави) тілімен жазылған «Минуй-е Херад» шығармалары мазмұндық, стилдік жағынан салыстырылып сарапталады.

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы