КІТАПХАНАЛАРДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЛАТФОРМАЛАР: ҚЫЗМЕТІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ

Авторлар

  • Ж. Т. Қосмырза Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-7914-0969
  • Г. Е. Сабденова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9485-0134

DOI:

10.26577/JH20251172012

Кілт сөздер:

кітапхана, ғылым, жүйе, ақпарат, ресурс.

Аңдатпа

Мақалада сандық платформаларды пайдалана отырып, ғылым саласында осы бағыттағы технологияларды дамыту және қолдану тәжірбиесі, мұндай платформаларды қалыптастырудағы сандық кітапханалардың маңызы мен рөлі, сондай-ақ алынатын ақпараттың байланыстылығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланады. Кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформалардың қызметін талдау нәтижелері олардың қазіргі ақпараттық қоғамдағы орны мен өзіндік маңыздылығын көрсетіп отыр. Аталған платформалардың негізгі міндеті – ғылыми зерттеулерді қолдау, білім алмасу және пайдаланушы деректерін жылдам әрі тиімді іздеу үшін ақпараттық ресурстардың қол жетімділігін қамтамасыз ету. Зерттеу барысында пайдаланушы интерфейсі, мәліметтер базасының толықтығы, іздеу мүмкіндіктері және ақпараттың өзектілігі сияқты мәселелері талданды. Бұл зерттеудің мақсаты – қазіргі ғылым және білім беру салаларындағы рөлін анықтау мақсатында кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформалардың белсенділігіне жан-жақты талдау жасау болып табылады. Зерттеу барысында кітапханалардағы ғылыми-ақпараттық платформаларды талдау үшін әдебиеттерді шолу, студенттер мен оқытушылардан сұхбат алу, жүйелік және статистикалық талдаулар әдістері қолданылды. Аталаып отырған әдістер платформалардың функционалдығын, пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін, сондай-ақ статистикалық деректерді өңдеу және зерттеу нәтижелерін визуализациялау үшін пайдаланылды. Зерттеуден алынған тұжырымдар ғылыми-ақпараттық платформаларды жетілдіруге практикалық тұрғыдан негіз бола алады, мұндай қол жеткізілген нәтижелер кітапханалар мен білім беру мекемелері үшін маңызды болып табылады. Осы жаңадан алынған ғылыми әрі практикалық нәтижелер пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа қызметтер мен мүмкіндіктерді енгізуге, сондай-ақ платформаларды пайдалану тиімділігін арттыра отырып, ғылыми зерттеулердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Т. Қосмырза, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Жансая Қосмырза – докторант, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: zhansaya.kosmyrza@mail.ru

  • Г. Е. Сабденова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Гульмира Есбатыровна Сабденова – т.ғ.к., доцент, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: gulmiras2801@mail.ru 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-24

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы