SOLEMN GATHERING DEDICATED TO THE 90TH ANNIVERSARY OF OLZHAS SULEIMENOV IN TÜRKIYE
DOI:
https://doi.org/10.26577/Abstract
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, академик Ж.Қ. Түймебаевтың ұсынысымен біз 2026 жылдың 11-13 мамыр аралығында Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен көрнекті қазақ ақыны, халық жазушысы, түркітанушы және дипломат Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға университет атынан қатысып қайттық.
Аталған жиынды Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті (ASBÜ) және Түркия жазушылар одағы (TYB) ұйымдастырды.
