Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған халықтардың еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану

Authors

  • Benediktas Shetkus Lithuanian University of Educational Sciences image/svg+xml
  • Ye. Pazilov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

10.26577/JH-2018-1-186

Abstract

Кеңестер Одағындағы гректер тарихының ең қайғылы беттерінің бірі сталиндік депортациялау шарасы болып табылады. Сталиндік депортациялау шараларының нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында тұратын гректердің басым көпшілігі Қазақстанға жер аударылды.
Бұл мақалада понтикалық гректердің Оңтүстік Қазақстан облысына, оның ішінде Кентау қаласына депортациялануы және олардың аймақтағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі талқыланды. Мақаланың негізгі мақсаты – гректердің Кентау қаласына қоныс аударуы және жұмысқа орналасу барысында кездескен қиыншылықтарын, күнделікті өмір концепциясы аясында қарастыру болып табылады. Мақала екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде понтикалық гректерді Оңтүстік Қазақстанға депортациялануы қарастырылса, екінші бөлімде Кентау қаласындағы грек диаспорасының қалыптасуы туралы айтылады. Сонымен қатар, депортацияланған гректердің еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану жолдары да қарастырылады.

Downloads

Published

2018-05-17

Issue

Section

Journal KazNU: History

How to Cite

Оңтүстік Қазақстанға жер аударылған халықтардың еріксіз еңбегін өнеркәсіпте пайдалану. (2018). Journal of History, 88(1), 103-110. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-186