ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚ БОЛЖАМДАРЫ

Авторы

  • Б. Cолтиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-251
        96 168

Аннотация

Мақалада қазақ күнтізбесіндегі ай амалдары арқылы ауа-райын алдын-ала болжауы, сол сияқты амалдардың мән-мағынасына байланысты қарастырылады. Мақалада қазақ халқының жыл санауы мен күнтізбесі, мүшел есебі мен тоғыс есебіне көңіл бөледі. Ауа-райына байланысты болжамдарды есепшілер жүргізген, сонымен қатар ауа-райын алдын-ала бақылап мал-жанды түрлі апаттардан қорғаған есепшілердің білімділігі жөнінде айтылады. Осы есепке сүйене отырып, малшылар әр айдағы амалдардың қалай өтетінін шамалап отырған. Халық бір жыл ішінде айналып соғып тұратын ыстық, суық, қар, жаңбыр, жел, боран, аязды білдіретін амалдарды қарастыра отырып, ұлттың сандық ұғымында амалдар наурыз айынан басталатындығы туралы айтқан. Оның ішінде амал атауларына аса көңіл бөледі. Себебі осы амалдар арқылы жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа-райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын халық әркез назарына ұстап, оған ат қойған болатын. Сонымен қатар мақалада, дәстүрлі қазақ қоғамындағы ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен жинаған білімдер жүйесін ашып көрсеткен.

Загрузки

Как цитировать

Cолтиева Б. (2018). ҚАЗАҚ КҮНТІЗБЕСІНДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚ БОЛЖАМДАРЫ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 89(2), 314–319. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-251

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая