ЕР-ТОҚЫМ ГЕНЕЗИСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР (Таулы Алтай және Берел қорымдарының материалдары бойынша)

Авторы

  • М. Шағырбаев Ә. Марғұлан атындағы Археология институты
  • С. Сапатаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-200
        91 104

Аннотация

Мақала ат әбзелдерінің маңызды бөлігі – ер-тоқымның генезисіне байланысты кейбір мәселелерге арналады. Әрине қазіргі таңда ер-тоқымдар жетіліп, өзінің бастапқы формасынан мүлдем өзгеше болып кеткенімен, жалпы негізгі мақсаты мен бастапқы пішінін сақтаған. Мақала барасында, негізінен Шығыс Қазақстан және көршілес аймақтардан табылған көне ер-тоқымдардың жасалу ерекшеліктері, ерлердің конструкциялық құрылымы, безендірілу тәсілдерін, басқа аймақтардан табылған ер-тоқымдармен салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Зерттеу нысаны ретінде, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Берел қорымындағы №11 оба материалдары және аталған аймақпен көршілес Таулы Алтайдағы Пазырық, Тұяқты, Башадар, Шибе, Кудыргэ, Ак-Алахан, Жоғарғы Қалжың-2, Қытайдың Синьзянь аймағы қарастырылады. Ерте көшпелілердің ер-тұрмандары туралы деректер ерте заманның өзінде-ақ болған. Мәселен, ассириялықтардың ілмектеріндегі салт мінген скифтердің ер-тоқым пайдаланған бейнесі, Чертомлыктік ілмектегі атын демалдырып отырған скифтің ерттеулі жылқысы т.б. Бірақ нақты ер-тоқымдар туралы зерттеулер, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде талдау жасау жұмыстары ХХ ғасырдың басында жарық көре бастады. Осы тақырып бойынша М.П. Грязнов, С.И. Руденко, А.А. Гаврилов, Н.В. Полосьмак, А.П. Бородовский, П.П. Азбелев, Е.В. Степанова, З.С. Самашев секілді зерттеушілер өздерінің еңбектерінде ақпарат келтіріп кеткен.

Загрузки

Как цитировать

Шағырбаев, М., & Сапатаев, С. (2018). ЕР-ТОҚЫМ ГЕНЕЗИСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР (Таулы Алтай және Берел қорымдарының материалдары бойынша). Вестник КазНУ. Серия историческая, 88(1), 211–220. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-200

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая