Результаты исследований археологического комплекса Cарыоба за 2022 год

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.015
        151 84

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада 2022 жылғы далалық маусымда Ақмола облысы Жақсы ауданында, Есіл мен Терісаққан өзендерінің қосылар тұсында орналасқан Сарыоба археологиялық кешенінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. Сарыоба археологиялық кешенінің құрамында ежелгі дәуірден бастап ортағасырлық, этнографиялық уақытпен мерзімделетін жерлеу, діни-ғұрыптық нысандар бар. Кешеннің негізін диаметрі 100 м, биіктігі 3,85 м болатын үлкен үйінді құрайды. Археологиялық қазба жұмыстары алдында аталған үйіндіде геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелерінде үйінді құрылымының аномалиясы тіркелді. Археологиялық қазба жұмыстары барысында үйінді үстіндегі ортағасырлық және этнографиялық уақыттың жерлеу орындары ашылды, үйіндіге солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс бағыты бойынша қазба салынды. Нәтижесінде үйінді үстінен қыпшақ уақытының құрылысы мен этнографиялық уақыттың жерлеу орындары ашылды. Қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық материалдар бойынша зертханалық сараптама атқарылды (антропологиялық, керамологиялық, радиокөміртегілік және т.б.). Сарыоба археологиялық кешеніндегі зерттеулер бірнеше жылға жоспарланғандықтан келесі жылдары қазба жұмыстарын жалғастыру көзделіп отыр. Алдын-ала болжам бойынша Сарыоба археологиялық кешенінде зерттелген Үлкен оба ерте темір дәуірімен мерзімделетін элитарлы жерлеу-ғұрыптық нысан болып саналады.

Кілт сөздер: Сарыарқа, Есіл, Сарыоба, археология, қорым, оба.

Загрузки

Как цитировать

Kassenali, A. ., Duisenbay, D., Yessen, S. ., & Kyzyrkhan, M. . (2023). Результаты исследований археологического комплекса Cарыоба за 2022 год. Вестник КазНУ. Серия историческая, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.015

Выпуск

Раздел

Раздел 3 Aрхеология и этнология