Кан Ювэй: история формирования его общественно-философских взглядов (конец ХІХ - начало ХХ в.)

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.08
        147 190

Аннотация

Бұл мақалада саяси жаңару үдерісі кезіндегі Қытайдың көрнекті қайраткері әрі ойшылы Кан Ювэйдің қоғамдық-философиялық көзқарастары баяндалады. Сонымен қатар, мақалада өзін жаңа саяси бағыттың негізін қалаушы ретінде қабылдаған Кан Ювэйдің зияткерлік жетістіктері, утопиялық көзқарастары да ұсынылды. Осыған сәйкес оның философиялық-тарихи доктринасында батыс өркениетінің тәжірибесі де елеулі орын алады. Кан Ювэйдің  «Датун шу» еңбегінде әлем елдері қоғамының бытыраңқылығын көре отырып, оның алдын алу қажет екендігін, қоғамның бірігу қажет екендігі айтылады.  Кан Ювэйдің шығармалары Қытай қоғамдық-саяси ойының тарихында лайықты орын алады. Дәстүрлі қытай ой-пікірлері мен батыстық идеялардың синтезіне сүйене отырып, ол Қытай қоғамының өміріне әсер еткен бірегей теориялық мұра жасады. Кан Ювэй тарихи аспектіде басқару нысандарын, қызмет етудің негізгі принциптерін қарастырды. Батыс елдерінің тәжірибесіне және Қытайдың ерекше дәстүрлі ой-пікіріне сүйене отырып, ол мемлекетке бірқатар жетілдірулерді, атап айтқанда, реформалау жолын, жалпыға ортақ принципті, жалпыға бірдей құқықты ұсынды. Мақалада осы аспектілерді қарастыру жолға қойылды. Оған қоса, Кан Ювэйдің кейбір көзқарастарының негізі  ҚХР-ның қазіргі саяси өмірінде белсенді түрде қолданылып жатқандығы да мақала барысында көрініс тапты.

Түйін сөздер: Кан Ювэй, утопия, философия, реформа, Датун, модернизация, конфуцийшілдік, саяси ұстаным, батыстық тәжірибе.

Загрузки

Как цитировать

Yesserkepova, Z. O. (2023). Кан Ювэй: история формирования его общественно-философских взглядов (конец ХІХ - начало ХХ в.). Вестник КазНУ. Серия историческая, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.08

Выпуск

Раздел

Раздел 2 Всемирная история