«ПРОБЛЕМА ГУННОВ» В АНТИГЕРМАНСКОЙ ПРОПАГАНДЕ ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЫ ХХ ВЕКА

Авторы

  • А. P. Akynova Казахский Национальный педагогический университет имени Абая http://orcid.org/0000-0002-3331-3551
  • Zh. Nurmanbetkyzy Казахский Национальный педагогический университет имени Абая

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.012
        96 83

Аннотация

Аннотация. Мақала ХХ ғасырдың бірінші жартысында Германия әскерлерінің неліктен «ғұндар» деп аталу себебін қарастырып, оның ерекшеліктеріне ашып көрсетеді. Атап айтқанда, немістерді ғұндарға теңестіру үрдісінің пайда болуы тарихынан бастап, оның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстары тұсындағы көріністеріне кеңінен талдау жасайды.

Әсіресе автор зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың бас кезіндегі антигермандық үгіт-насихат жұмыстары аясындағы немістерді «ғұндар» деп атауды зерттей отырып, сол заманғы еуропалықтардың ғұндарға қатысты ұстанымдары мен көзқарастарына талдау жасайды. Немістердің «жабайы ғұндар» ретіндегі образының қалыптасуындағы ағылшындық-американдық және басқа да батыстық мемлекеттердің үгіт-насихатының рөлін көрсетеді. Оған қоса ол ұстанымдар қандай көзқарас шеңберінде қалыптасқанына да мән береді.

Сондай-ақ мақалада автор ХХ ғасырдың бас кезінде кеңінен қолданылған немістерді ғұндар деп көрсететін идея неліктен өзінің өміршеңдігін жоғалтып, екінші дүнижүзілік соғысы тұсында қолданылуын тоқтата бастағанға қатысты өзіндік болжамдарын да ұсынады.

Қорытынды бөлімде зерттеу авторы алынған нәтижелер негізінде еуропалық халықтың санасындағы ғұндардың образы туралы тұжырымдар жасайды.

Түйін сөздер: ғұндар, Германия әскері, немістер, Аттила, бірінші дүниежүзілік соғыс, екінші дүниежүзілік соғыс, варвар

Загрузки

Как цитировать

Akynova А. P., & Nurmanbetkyzy, Z. (2023). «ПРОБЛЕМА ГУННОВ» В АНТИГЕРМАНСКОЙ ПРОПАГАНДЕ ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЫ ХХ ВЕКА. Вестник КазНУ. Серия историческая, 108(1). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.012

Выпуск

Раздел

Раздел 2 Всемирная история