ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ СЕНІМДЕРІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Авторы

  • А. Т. Толеубаев КазНУ имени аль-Фараби
        71 130

Аннотация

Мақалада қазақтың көне сенімдері ұлтымыздың руханиятының негізі ретінде қарастырылады. Ұлтымыздың болмысын құрайтын салт-дәстүрлеріміздің тамыры сонау көне наным-сенімдерден бастау алады. Қазақ даласына ислам діні таралғанға дейінгі Қазақ түсінігінде, ырым-салттарында Жер, Көк аспан, Ай, Күн, жұлдыздар ерекше орын алды. Әсіресе, бірқұдайлық мәнге ие болған, Көк аспанмен астасып-байланысып жатқан Көк Тәңірі ұғымы және соған байланысты наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар өте көп болды. Бір Тәңірі туралы дүниетаным, түсінік-сенімдер кейіннен мұсылман дініндегі Алла, Құдай ұғымымен алмастырылды. Исламның біздің жерге таралған Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы халықтық дәстүрлерге құрметпен қарайтын, көнбістеу, иліккіш бағыт болды. Жалпы, ислам діні алғашқыда басқа жұрттарды өзінің дініне күшпен, соғыспен ғана қаратқан жоқ, сонымен қатар, өзінің икем-иілгіштігінің және өте сындарлы идеологиясы мен саясатының арқасында жаулап алды.

Загрузки

Как цитировать

Толеубаев, А. Т. (2018). ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ СЕНІМДЕРІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ӨЗЕГІ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 87(4), 4–8. извлечено от https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/155

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая