Антропоцентрлік мақал -мәтелдердің зерттелу тарихы

Авторлар

  • S. A. Alieva М. Тынышпаев атындағы Логистика және Көлік академиясы, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6224-4770
  • G. S. Shamshieva М. Тынышпаев атындағы Логистика және Көлік академиясы, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8746-4374

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.15
        71 97

Аннотация

Мақалада дала тарихының куәсі болып табылатын қазақ және орыс тілдеріндегі мақал- мәтелдердің зерттелуі туралы, дала тарихы мен мәдениетін кешенді қарастыру мақсатында қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрасы болып табылатын мақал-мәтелдерінің жинақталып зерттелуіне талдау жасалды. Мақалада халықтың өзімен бірге жасап, екшеліп, бірден-бірге мұра болып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал- мәтелдері тарихи дерек көз ретінде қарастырылған. Мақал мен мәтелдің шығу себебіне назар аударылып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына, мәдениетіне қатысты айтылған сөздердің мағынасы ашылған. Қазақ мақал-мәтелдері өте көп және тақырыптары да әр алуан: отан, еңбек, шаруашылық, төрт түлік мал, егіншілік, денсаулық, салт-дәстүр, ерлік, батырлық, жақсы адам мен жаман адам т.б. Мақал-мәтелді зерттеу барысында олардың бір-бірімен байланысы мен өзгешелігіне де мән берілді. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ғасырлар бойы толығып немесе өзгеріске ұшырап отыратынына да назар аударылды. Жарияланған, сондай-ақ қолжазба қорлардан мақал-мәтелдер жинақталып, даналық сөздердің қалыптасуына белгілі бір тарихи кезеңдердегі түрлі оқиғалардың әсері анықталған.

Түйін сөздер: қазақ қоғамы, қазақ халқы, мақал-мәтел, зерттелу барысы, тарих, шаруашылық,

салт-дәстүр.

 

Жүктелулер

Жарияланды

2021-10-11

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая