Мен (біз) журналда жариялау шарттарымен таныстым және келісемін.
Қолжазбаны бұрын мен (біз) еш жерде жарияламағанбын және басқа басылымда жариялау үшін қарастырылуға жібермегенімді растаймын.
Осы хат арқылы біз ғылыми мақаланы журналда орналастыру ешкімнің авторлық құқығын, ғылыми және/немесе жариялау этикасының қағидаларын, нормалары мен стандарттарын бұзбайтынына кепілдік береміз және толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Автор(лар) ғылыми мақаланы пайдаланудың құқықтарын журналды шығарушыға шектеусіз мерзімге береді.
Қолжазба журналда жариялауға қабылданғаннан кейін және жарияланған мақаламен бірге журналдың баспа түрін кітапханаларда және басқа ұйымдарда және/немесе мекемелерде таратуға, мақаланы журналдың веб-сайтында ашық қолжетімді форматта орналастыруға қарсылығым жоқ.
Қолжазбаны плагиатқа және жариялау этикасын бұзудың басқа белгілеріне тексеруге қарсылығым жоқ.
Осымен редакция алқасына қолжазбаны оның негізгі ережелерін өзгертпей ғылыми және әдеби редакциялауды өз бетінше жүзеге асыруға, қолжазбаны қайта қарауға және қажетті өзгерістер енгізуді ұсынуға рұқсат етемін, бұл ретте қолжазбаны жариялау мен (біз) қажетті өзгерістерді енгізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Редакцияның қолжазбаның дизайны мен мазмұны журнал талаптарына сәйкес келмесе немесе ондағы ақпаратты жариялауға нормативтік құқықтық актілерде және/немесе басқада белгіленген тыйымдарға байланысты, Қазақстан Республикасының ресми құжаттарында немесе қолжазбада ғылыми және/немесе жариялау этикасының принциптерін, нормаларын және стандарттарын бұзушылықтардың болуына байланысты редакцияның оны жариялаудан бас тарту құқығын мойындаймын.
Қолжазбада пайдаланылған модельдер мен сервистерді, сондай-ақ оларды қолдану себептері, генеративті ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ (бұдан әрі – ЖИ) / ЖИ қолдайтын құралдарды пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.
Мақаланың соңында сілтемелер/библиография алдында келесі мәлімдеме енгізіледі:
«Бұл жұмысты дайындау кезінде автор(лар) (МОДЕЛЬ/ҚЫЗМЕТ АТАУЫ) (НЕГІЗДЕУ) үшін пайдаланған. Осы құралды/қызметті пайдаланғаннан кейін автор(лар) мазмұнды қажеттілігіне қарай қарап, өңдеді және басылымның мазмұнына толық жауапкершілік алады».
Мен (Біз) мақаланың генеративті ЖИ қолдануға қатысты журнал саясатына толық сәйкес келетіндігін және барлық қолданылған құралдар жарияланым этикасының нұсқауларына сәйкес қолданылғанын растаймын.
Біз сондай-ақ ЖИ қолданумен байланысты жариялау этикасының ауқымды бұзушылықтары анықталған жағдайда, мақаланы қайтару процесі басталуы мүмкін екенін түсінеміз және журнал белгілеген барлық нормалар мен стандарттарды сақтау үшін жауапкершілікті толық өз мойнымызға аламыз.