Жариялау этикасы
"ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері, өзінің кәсіби қызметінде "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналдарына арналған жариялау этикасының" қағидаттары мен нормаларын ұстанады. Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (СОРЕ) халықаралық жарияланымдық этикалық нормаларына, сондай-ақ Scopus (Elsevier) журналдарын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғалымының этика кодексінің этикалық қағидаттарына сәйкес әзірленді.
Жарияланым этикасы редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың этикалық мінез-құлқының нормаларын, қағидаттары мен стандарттарын, мүдделер қақтығысын, әдепке жат мінез-құлықты анықтау жөніндегі шараларды, мақаланы алып қою (ретракция), түзету және теріске шығару жөніндегі нұсқаулықтарды белгілейді.
Жариялау процесінің барлық қатысушылары, атап айтқанда, әрбір автор, ғылыми редактор, рецензент, жауапты хатшы, "ҚазҰУ хабаршы. Тарихи топтамасы" ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері, міндетті түрде жариялау этикасының қағидаларын, нормалары мен стандарттарын ұстануға міндетті. Этикалық қағидаларды сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және сақтау үшін де, жариялау процесіне қатысушылар арасында сенімді және құрметпен қарау үшін де маңызды.
Ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және фабрикациялау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға мақалалардың қолжазбаларын беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру үшін агенттік қызметтерге жүгіну жағдайында авторлардың, редакторлардың немесе баспагердің іс-әрекеттері әдепке жат мінез-құлық болып саналады, дәйексөз, плагиат қолданылған жағдайда авторлық құқықтар мен редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттары бұзылады.
Редакциялық кеңес мүшелерінің қоғамдық этика қағидалары
Редакция мүшелері "ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" журналының дамуы, жетілдірілуі, журналдың халықаралық деректер базасында ілгерілеуі үшін жауап береді, пікір бостандығы қағидаттарын басшылыққа алуы, журнал авторлары мен оқырмандарының ғылыми және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруы, журналдың авторы, шолушысы және баспагерінің коммерциялық мүдделерінің материалдарды жариялау туралы шешімдерге әсер етуіне жол бермеуі керек. Материалдар сонымен қатар ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту, жариялау процесінің барлық кезеңдерінде ақпараттың құпиялығын сақтау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауы керек.
Барлық авторлардың теңдігі. Редакция мүшелері авторлар ұсынған материалдарды журналда жариялау туралы шешім қабылдауға жауапты. Редакция мүшелері қолжазбаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этникалық шығу тегіне, азаматтығына, авторлардың саяси
көзқарастарына немесе коммерциялық көзқарастарына қарамастан, олардың зияткерлік мазмұны бойынша бағалауы тиіс.
Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдау. Редакцияға ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануы тиіс екендігі туралы шешімді журнал редакциясы ресімдеу, плагиат талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде және ғылыми рецензиялау нәтижелері бойынша қабылдайды. Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдау кезінде редакциялық алқа журнал саясатын және жарияланымдық этиканы басшылыққа алады, плагиат белгілері бар мақаланы жариялауға, ғылыми этика қағидаларын, стандарттары мен нормаларын бұзуға және авторлық құқықтарды бұзуға жол бермейді.
Редакция мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі бағалауы, мүдделер қақтығысы белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақала жазу кезінде жарияланымдық немесе ғылыми этика қағидалары бұзылған жағдайда, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқаның шешімі негізінде жарияланымның ретракциясын жүргізу тиіс. Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық немесе ғылыми этиканы бұзған жағдайда жарияланған мақалаларды алып қоюды (ретракция) жүзеге асырады. Төмендегідей жағдайлар белгісі болса, мақала кері қайтарып алынады / (ретрагирленеді)
- егер алынған деректер сенімсіз немесе заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;
- қолжазбаның "ҚазҰУ хабаршы. Тарихи топтамасы" журналында жарияланғанға дейін оны басқа редакцияда жариялау фактісін анықтау;
- мақаладан плагиатты анықтау, соның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.
- мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болуы, мысалы, есептеу немесе эксперимент қатесі;
- үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдардың пайда болуы;
- мақалада жарияланым немесе ғылыми этика қағидаларына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.
Осындай жоғарыда көрсетілген жағдайларда журналдың редакция мүшелері тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарып алынуы / жойылуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін мақаланы ғылыми редактор растап, қол қоятын басылымнан кері тарту туралы акт жасайды. Мақаланың хат-хабары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.
Осыдан кейін журналдың веб-сайтында мақала себептері көрсетілген таңбаланған деп белгіленеді. Редакция мақаланы алып қою (ретракция) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақаланы алып қою (ретракция) рәсімі жүргізілгеннен кейін ақпаратты журналдың кейінгі басылымында шығарады.
Журналдың редакциясы "ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" жарияланған басылымдарда анықталған бұзушылықтар туралы барлық
негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарастырады.
Редакция авторлар мен рецензенттердің материалды жариялағаннан кейін жіберілген қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға барынша жедел хабарлауды олардың жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.
Құпиялылық принциптері. Қолжазбаны қарау кезеңінде (ол жарияланғанға дейін) редакторлар мен редакция мүшелері ол туралы ақпаратты авторлардан, тағайындалған рецензенттерден және баспагерлерден басқа ешкімге хабарламауы тиіс. Қарауға алынған кез келген қолжазба құпия материал ретінде қаралуы тиіс. Қолжазбалар ғылыми редактордың рұқсатынсыз үшінші тұлғалармен көрсетілмеуі және талқыланбауы керек.
Редакциялық алқа мүшелері қабылданбаған қолжазбалар авторлардың жазбаша келісімінсіз редакция мүшелерінің жеке зерттеулерінде пайдаланылмайтынына кепілдік береді.
Этикалық емес мінез-құлық туралы шағымдарды қарастыру. Мақаланың түскен уақытына қарамастан, редколлегия мүшелері қолжазба авторының және "ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" журналында жарияланған әдепке жат қылықтарға жасалған әрбір шағымды жеке-жеке қарастыруы тиіс. Редакция мүшелері осындай наразылықтарға қатысты объективті шаралар қабылдауға тиіс. Шағым дәлелдері расталған жағдайда, редакция мүшелері қолжазбаны жариялаудан бас тартуға және хат-хабар алмасу үшін автормен одан әрі ынтымақтастықты тоқтатуға, теріске шығаруға, сондай-ақ автор(-лар)дың этикалық емес мінез-құлқының одан әрі тоқату үшін өзге де шараларды қабылдауға құқылы.
Редакция мүшелері, олардың лауазымдық міндеттері және жауапкершілігі."ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" журналының ғылыми редакторының жауапкершілігі, жауапты хатшының, редколлегия мүшелерінің тиісті міндеттері бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген.
Автордың еңбегін жариялау этикасы қағидалары Жарияланымның бір реттілігі. Автор(-лар) редакцияға ұсынылған мақала қолжазбасының басқа басылымдарда қарау үшін ұсынылмағанына кепілдік береді. Қолжазбаны бір уақытта бірнеше журналға/басылымға ұсынуға жол берілмейді және бұл жариялау этикасы қағидаларын, стандарттары мен нормасын өрескел бұзу болып табылады.
Қолжазбаның авторлылығы. Қолжазбаны дайындауға ең көп зияткерлік үлесін қосқан тұлға (екі және одан көп бірлескен автор болған жағдайда) авторлар тізімінде бірінші көрсетіледі. Әр мақала үшін корреспонденция жұмыстарын үйлестіретін автор тағайындалуы тиіс, ол мақаланың түпкі нұсқасын дайындауға, редакция алқасымен байланыс орнатуға, зерттеуге
ілікті үлесін қосқан барлық қатысушылардың (бірден көп автор болған жағдайда) авторлар тізіміне енгізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолжазбаны редакцияға жариялау мақсатында ұсыну үшін барлық авторлардан оның түпкі нұсқасына келісімдерін алуға жауапты. Қолжазбада/мақалада көрсетілген авторлардың барлығы жұмыстың мазмұны үшін жауап береді.
Түпнұсқалылық қағидасы. Автор(-лар) қолжазбада баяндалған зерттеу нәтижелерінің түпнұсқа жеке жұмыс болып табылатынына, қолжазбаны плагиатқа тексеру жүйесі арқылы тексеру барысында анықталуы мүмкін орынсыз көшіруобъектісі еместігіне кепілдік береді.
Авторлар этикалық нормаларға қайшы, плагиат, өз-өзін цитаталау, деректерді бұрмалау, жалған айту, жалған авторлық, қайталау, мүдделер қайшылығы және алдау белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады.
Дереккөздерді растау қағидасы. Автор(-лар) зерттеу барысында пайдаланған ғылыми және өзге дереккөздерді дұрыс көрсетуге міндеттеледі. Қолжазбада бөтен жұмыстардың қандай да бір бөліктерін қолданған немесе басқа авторлардың пікірлерін басшылыққа алған жағдайда, бастапқы дереккөздің авторлары көрсетілген библиографиялық сілтемелер берілуі тиіс. Қолжазбаны рәсімдеу кезінде күмәнді дереккөздерден алынған ақпараттар қолданылмауы керек.
Рецензия берушілерде, ғылыми редакторда, журналдың редакция алқасы мүшелерінде зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалылығы мен дұрыстығына қатысты күмәндар туындаған жағдайда, автор(-лар) қолжазбада келтірілген нәтижелер мен фактілерді растайтын қосымша материалдар ұсынуы тиіс.
Жарияланымды дайындау процесіндегі қателерді түзету. Жарияланымды дайындау процесінің кез келген кезеңінде қателер мен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, авторлар бұл туралы дереу ғылыми редакторға хабарлауға және тиісті журнал сайтында жарияланымның қателерін түзетуге (Erratum немесе Corrigendum) көмектесіп, түсіндірмелер беруге міндеттеледі. Түзетуге келмейтін өрескел қателер анықталған жағдайда, автор(-лар) қолжазбаны / мақаланы қайтарып алуы тиіс.
Еңбекті жариялау этикасын сақтау қағидасы. Авторлар зерттеулерге, сондай-ақ рецензиялаумен жариялау бойынша редакциямен өзара қарым-қатынас орнатуға қатысты сын-пікірлермен немесе ескертпелермен байланысты этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Авторлардың этикалық қағидаларды сақтамауы жариялау этикасын өрескел бұзу түрінде бағаланады және қолжазбаны рецензиялаудан немесе жариялаудан бас тарту негізі саналады.
Рецензент этикасын жариялау принциптері
Рецензиялаудың объективтілік принципі. "ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы" қолжазбаға сараптамалық бағалауды объективті жүргізуге міндеттенеді. Қолжазба авторына қатысты жеке сынға жол берілмейді. Рецензент өз ескертулерін дәлелдеуі және қолжазбаны қабылдау немесе оны қабылдамау туралы өз шешімін негіздеуі тиіс.
Автордың ұлты, діни ұстанымы, саяси немесе өзге де көзқарастары рецензенттің қолжазбаны рецензиялау процесінде назарға алынбауға және ескерілмеуге тиіс.
Рецензенттің редакциялық шешімдерге қосқан үлесі. Рецензент құрастырған сараптамалық бағалау редакцияның жарияланым туралы шешім қабылдауына ықпал етеді, сондай-ақ авторға қолжазбаны жақсартуға көмектеседі. Қолжазбаны жариялауға қабылдау, авторға жұмысты өзгертуге немесе пысықтауға қайтару немесе жарияланымнан бас тарту туралы шешімді рецензиялау нәтижелеріне сүйене отырып, редакция алқасы қабылдайды.
Уақытылы қарау принципі. Рецензент рецензияны редакция белгілеген мерзімде, бірақ қолжазбаны рецензиялауға алған сәттен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер мақаланы қарау және рецензияны белгіленген мерзімде дайындау мүмкін болмаса, рецензент бұл туралы ғылыми редакторға дереу хабарлауы тиіс. Ұсынылған қолжазбаны рецензиялау кезінде оның біліктілігі сәйкес келмейді немесе шешім қабылдау үшін жеткіліксіз деп санайтын Рецензент бұл туралы ғылыми редакторға дереу хабарлап, қолжазбаны рецензиялаудан бас тартуы керек.
Рецензент тарапынан құпиялық қағидасы. Рецензентке рецензиялауға ұсынылған қолжазба құпия материал ретінде қарастырылуы керек. Рецензент журналдың ғылыми редакторының және/немесе автордың тарапынан жазбаша рұқсат алғаннан кейін ғана оны көрсетуге және/немесе басқа адамдармен талқылауға құқылы.
Рецензиялау және жариялау процесін қамтамасыз ету барысында алынған ғылыми жұмыстың ақпараты мен идеяларын рецензент(-лер) жеке пайда алу үшін пайдаланбауы тиіс.
Дереккөздерді растау принципі. Рецензент қарастырылып отырған қолжазбаның зерттеу нәтижелеріне әсер ететін, бірақ авторлар келтірмеген ғылыми жұмыстарды көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, рецензент ғылыми редактордың назарын қарастырылып отырған қолжазба мен бұрын жарияланған жұмыс арасындағы айтарлықтай ұқсастыққа немесе сәйкестікке аударуы керек.
Егер рецензенттің қолжазбада плагиат, дұрыс емес қарыз алу, Жалған және ойдан шығарылған материалдар немесе зерттеу нәтижелері бар деп пайымдауға жеткілікті негіздері болса, онда ол қолжазбаны жариялауға жібермеуге және журналдың ғылыми редакторына жарияланым және ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға тиіс.
Мүдделер қақтығысы
Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің анықтамасы бойынша мүдделер қақтығысы - бұл авторлар, рецензенттер немесе редакциялық алқа мүшелері жарияланатын материалға қатысты олардың пайымдарына әсер ете алатын жасырын мүдделері бар жанжалды жағдайлар. Мүдделер қақтығысы рецензенттің және редколлегия мүшелерінің ғылыми пікіріне, нәтижесінде қолжазбаны жариялауға қатысты редколлегияның шешіміне әсер етуі мүмкін, қаржылық және жеке немесе кәсіби жағдайлар болған кезде пайда болады.
Журналдың жауапты редакторы қолжазбаны жариялау процесінің барлық қатысушыларынан мүдделер қақтығысын ашуды талап етуі керек.
Ғылыми редактор, редакциялық алқа мүшесі және рецензенттер редакциялық алқаның шешіміне қандай да бір әсер етуі мүмкін ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуі тиіс. Редакциялық алқа мүшелері, егер олар қолжазба авторының зерттеу нәтижелерімен байланысты қандай да бір бәсекелестік қатынастарда болса немесе мүдделер қайшылығы өзге болса, қолжазбаны қараудан бас тартуы тиіс.
Қолжазбаны журналға қарауға берген кезде автор қолжазбаның мазмұнында зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері көрсетілгенін мәлімдейді; сондай-ақ қарауға берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қандай коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екенін көрсетеді. Автор ілеспе хатта мүдделер қақтығысы болған жағдайда, олардың пікірінше, олардың қолжазбасын объективті бағалай алмайтын ғалымдарды көрсете алады.
Рецензент қолжазбаға қатысы бар авторлардың біреуімен бәсекелестіктен, ынтымақтастықтан немесе басқа да қатынастардан туындайтын мүдделер қақтығысына себеп болуы мүмкін қолжазбаларды қарамауы керек.
Қолжазбаның мазмұнымен мүдделер қақтығысы болған жағдайда жауапты редактор бұл туралы ғылыми редакторға хабарлауы тиіс, одан кейін ғылыми редактор қолжазбаны тексеруді және рецензиялауды басқа редакторға / рецензентке қайта тапсырады.
Қарау және рецензиялау процесінде қатысушылар арасындағы мүдделер қақтығысының болуы қолжазбаның қабылданбайды дегенді білдірмейді.
Барлық мүдделі тұлғалар, мүмкіндігінше жарияланымның барлық кезеңдерінде кез-келген вариацияда мүдделер қақтығысының туындауын болдырмауы керек. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, осы қақтығысты анықтаған адам дереу редакцияға хабарлауы керек. Бұл жариялау және ғылыми этика қағидаларын, стандарттары мен нормаларын бұзудың кез-келген басқа жағдайларына да қатысты.
әл-Фараби ат. КазҰУ ғылыми журналдарына арналған Жариялау Этикасы