Заңгер Сейдәзім Қадырбаев өмірінің кейбір сәттері туралы тарихи деректер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v98.i3.16
        71 146

Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдың басында Ұлттық мемлекет құруды мақсат етіп, Алаш орда
қозғалысына қатысқан аса көрнекті қайраткерлердің бірі, заңгер, аудармашы, ұзақ жылдар
бойы халқына беймәлім болып келген Сейдәзім Құлмұхамедұлы Қадырбаевтың шығу тегі,
өмір жолы, туып өскен ортасы, студенттік кезеңі, оқыған оқу орындары мен бағалары,
отбасылық жағдайы, қоғамдық-саяси қызметі, заң саласында мамандануы, сондай-ақ осы
саладағы шығармашылық жұмыстары тарихи деректерге сүйене отырып зерттелінеді.
Қадырбаевтың қазақ сот жүйесі, қылмыстық құқық пен іс жүргізуіне қосқан үлесі мен
заң саласындағы аудармалары туралы да деректер келтіріледі. Зерттеушілер Торғайлық
заңгер, аудармашы, қазақ зиялысы Сейдәзім Қадырбаевтың өмірбаянын ұлт-азаттық
күрес тарихының ұмыт қалған «ақтаңдақ» беті ретінде зерделеп, ғылыми объективтілік
тұрғысынан қазақ тарихындағы алатын орны мен Ұлттық мемлекет құру жолындағы жасаған
қызметтерін ашып көрсету үшін деректік базаны анықтау, зерттеу және ғылыми айналымға
енгізу қажет деп есептейді. Мақала жазу барысында мерзімді баспасөз материалдары,
ғылыми әдебиеттер материалдары, күні бүгінге дейін ғылыми қолданысқа енбеген архив
құжаттары бір-бірімен жан-жақты салыстырылып, ғылыми тұрғыдан талдау жасау арқылы
қолданылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Saktaganova, E., & Chetin, N. D. (2020). Заңгер Сейдәзім Қадырбаев өмірінің кейбір сәттері туралы тарихи деректер. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 98(3), 146–155. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v98.i3.16

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая