Ақмола облысының тарихи топонимдерін қалпына келтіру мәселелерІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v98.i3.13
        87 92

Аннотация

Мақала Ақмола облысының тарихи топонимдерін қайта қалпына келтіру мәселелеріне
арналған.
Зерттеуде аумақ топонимиясының өзгеріске ұшырауының тарихи-саяси аспектілері,
революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдердегі қоныс аудару саясатының нәтижесінде пайда
болған елді-мекен атаулары, тәуелсіздік жылдарындағы ономастикадағы жаңа өзгерістер мен
бұрмаланған жер-су атауларын қалпына келтіру мәселелері кешенді түрде қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты идеологиялық тұрғыдан ескірген елді-мекен атауларын нақты деректер
негізінде қайта қалпына келтіру болып табылады. Аймақтың топонимикалық жүйесінің
қалыптасуына аумақтағы халықтар қоныстануының тарихи кезеңдері, ежелгі көші-қон мен
ұлтаралық байланыстар, этностардың таралуы және ғасырлар бойы қазақ жерінде орын алған
тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер де әсер етті. Жүргізілген топонимикалық
зерттеулер облыс аумағына түрлі этникалық топтардың қоныстануы нәтижесінде аймақ
топонимдерінің өзгеріске ұшырағандығынан ауқымды ақпарат берді. Зерттеу нәтижесінде
облыстың тарихи топонимдерін қалпына келтіру қажеттілігі анықталды. Бұл тақырыптың
өзектілігін айқындай түседі. Мақаланы жазу барысында жергілікті өлкетанушылардың жазбалары
мен автордың зерттеліп отырған аумақта жүргізген далалық этнографиялық экспедицияларының
материалдары пайдаланылды. Мақалада облыс аумағындағы кейбір елді-мекендердің тарихи
атаулары ұсынылған. Ұсынылған мәліметтер архив құжаттары мен картографиялық материалдарға
негізделген.

Жүктелулер

Как цитировать

Bekzatkyzy, I. (2020). Ақмола облысының тарихи топонимдерін қалпына келтіру мәселелерІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 98(3), 122–131. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v98.i3.13

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая