Жетісу қазақтарының күнделікті өміріндегі тосын құбылыстар (ХІХ ғас. ІІ жартысы -ХХ ғас. басы)

Авторлар

  • Л.А. Бисембаева

Аннотация

Мақалада революцияға дейінгі Жетісу облысы қазақтарының күнделікті тұрмысына енген өзгерістер туралы баяндалады. Жетісу облысы қазақтарының отбасылық, туысқандық қарым-қатынасының өзгеруіне әсер еткен саяси-экономикалық факторлардың әсері тарихи-әдеби, тарихи-этнографиялық зерттеулер және архив қорлары арқылы ашып көрсетіледі. Халықтың басына түскен ауыртпалық, күнделікті өмірге енген өзгерістер сол кезеңнің куәгерлері – ХІХ-ХХ ғғ. өмір сүрген «Зар заман» ақындарының өлеңдері және ел ішілік экспедиция кезінде жеке адамдардан алынған мәліметтер арқылы беріледі.

Отаршылдық кезеңі тудырған ауыр тұрмыстың Жетісу қазақтарының өміріне әсері, тұрмысқа енген тосын жағдайлардың олардың психологиясына, отбасылық, ағайындық қарым-қатынасқа ықпалы, соның нәтижесінде дәстүрлі ментальдіктің өзгеріске ұшырауы туралы айтылады.

Жүктелулер

Жарияланды

2017-10-14

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология