Түркістандағы «басмашы» қозғалысы мен Әнуар Паша қызметінің кейбір мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh.2020.v97.i2.03
        220 138

Аннотация

1917-1934 жылдар аралығында Түркістанның барлық дерлік аймақтарын қамтыған ұлттық тәуелсіздік қозғалысы Кеңес үкіметі тарапынан қанды жолмен бастырылды. Бұл сөз әр уақытта әртүрлі мағынаға ие болған. Этимологиялық тұрғыдан алғанда, «басмашылық» «қысым көрсету» немесе «бұзақылық» деген сөзден шыққан. Сондықтан «басмашылық» өзбек тілінен аударғанда «бандит», «жолды тосу», «қорлау» дегенді білдіреді. Уақыт өте келе бұл сөз Түркістандағы жалпы антисоветтік қозғалысты білдіру үшін қолданылды. Осы себепті Түркістанның тәуелсіздігі үшін күресте өте маңызды орын алатын бұл қозғалыс халық көтерілісіне емес, Кеңес Ресейіне қарсы қарулы күресті білдіреді. «Басмашы» атауы алғаш рет Ферғанада Ресей революциясы кезінде пайда болды. Осындай әрекеттер патша заманында да байқалды. Бұл қозғалыс Түркіменстан, Башқұртстан және Қырым жерлерінде де болып өтті. Башқұрт халқы бір кездері «басмашылықты» Хорасан төңкерісі деп атаған, яғни «айяр». «Басмашылар» мұсылмандарға қол тигізбеді, бірақ орыс әскерлері мен Кеңес өкіметінің орнауына қарсы шықты. Ферғанада мақта шаруашылығының дамуы мен экономика нашарлағаннан кейін «басмашылардың» саны көбейді. Осылайша, бұл мақалада түркиялық және шетелдік тарихнаманың негізінде Түркістандағы «басмашы» қозғалысына салыстырмалы талдау жасауды және осы қозғалыстағы Энвер Пашаның рөлін ашуды мақсат етілді. Түйін сөздер: Түркістан, «Басмашы» қозғалысы, Ферғана, ұлт-азаттық көтеріліс.

Авторлардың биографисы

Mehmet Shahingoz, Гази университеті, Педагогика факультеті, Түркия, Анкара қ.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Amina Akhantaeva, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Shahingoz, M., & Akhantaeva, A. (2020). Түркістандағы «басмашы» қозғалысы мен Әнуар Паша қызметінің кейбір мәселелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 97(2), 24–33. https://doi.org/10.26577/jh.2020.v97.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая