Ағылшын революциясы кезіндегі Карл I мен Ұзақ Парламент қарым-қатынасына Ирландиядағы көтерілістің әсері

Авторлар

  • Саят Алибеков
        62 52

Аннотация

Мақалада 1640-1660 жж. орын алған ағылшын революциясы кезіндегі Карл I мен Ұзақ Парламент қарым-қатынасына ирланд ұлт-азаттық көтерілісі факторының әсері қарастырылады.

Англия мен Ирландияның қарым-қатынасының тарихында XVII ғасырдың I жартысы өте маңызды рөл алады. 1640 жылы басталған Англиядағы революция осы және басқа да көрші елдердің тарихына өте терең әсер етті. Революция барысына көптеген ішкі және сыртқы факторлар ықпал етіп отырды, солардың бірі ол Ирландия 1641 жылы басталған көтеріліс болып келеді. Бұл көтеріліс өзінің сипаты бойынша ұлт-азаттық болды, себебі ол ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан ағылшын отаршылдық үстемдігіне қарсы бағытталды. Карл I өзіне қарсы шыққан Парламентпен күресте ирланд көтерілісшілерін пайдаланғысы келді, себебі оның пікірінше көтеріліс дәл осы парламентке қарсы бағытталған, ал монархияға оның еш қарсылығ жок деп есептеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Алибеков, С. (2017). Ағылшын революциясы кезіндегі Карл I мен Ұзақ Парламент қарым-қатынасына Ирландиядағы көтерілістің әсері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 84(1), 180–187. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/88

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история