Дәстүрлі қоғамның әдеттік құқық жүйесінің тарихи дамуы
Аннотация
Мақалада дәстүрлі өркениеттің әдеттегі құқығын құрайтын мұраларының ортақтығы мен тарихи бастаулары талданады. Әдеттегі құқықтың мемлекеттік заң ретінде қалыптасу үрдісінің ерекшеліктері қарастырылған. Дәстүрлі өркениеттегі әдеттегі құқықтың тарихын ғылыми деңгейде зерттеуде халық, мемлекет тарихы, құқық тарихымен ұштасуы заңды құбылыс ретінде танылады. Сонымен қатар автор Евразия кеңістігіндегі халықтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын көтеруде әдеттегі құқықтың басты идеяларын қолданылуына қатысты пікірді ортаға салады. Түйін сөздер: дәстүр, меритократия, иерархия, әдет, құқық.