Тарихи деректер кешеніндегі дипломатиялық құжаттардың дерек ретінде рөлі мен орны

Авторлар

  • Г.П. Акмадиева

Аннотация

Мақалада тарихи деректер кешеніндегі дипломатиялық құжаттардың атқаратын рөлі мен алатын орны қарастырылған,  аталған құжаттардың жалпы тарихи деректер кешеніндегі маңыздылығы көрсетілген. Сонымен бірге, автор дипломатиялық құжаттардың түр бойынша жіктелу мәселесіне талдау жасап, дипломатиялық құжаттардың кейбір түрлерінің артықшылықтарын көрсеткен. Кейбір ғалымдар дипломатиялық құжаттарды жіктеу барысында аталған мақалада сипатталған құжаттар топтарының арасындағы жаңа байланыстарды және олардың халықаралық дипломатиялық-құжаттық ортадағы айналымын   болжайды. Бұл ортаға дипломатиялық құжаттардың түрлері арасындағы артықшылық жүйесінің өзгеруіне ықпал ететін мемлекеттік және мемлекетаралық құжаттық ұстанымдар да кіреді. Сондықтан, мақалада қазіргі заман тарихы бойынша тарихи мәлімет беретін дипломатиялық құжаттардың ерекшеліктерін және дипломатиялық құжаттардың негізгі түрлерінің жіктелуіне құжаттық ортаның ықпалы анықталған. Мақала авторы қазіргі жаһандану кезеңіндегі тарихи құжаттар қатарындағы дипломатиялық құжаттардың алатын орны мен атқаратын рөлі туралы негізделген қорытынды жасаған.

Жүктелулер

Жарияланды

2017-10-14

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история