Алтай археологиялық экспедициясының 2019 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.18
        88 75

Аннотация

2018 ж. жазғы маусымында археологиялық барлау жұмыстары ШҚО Күршім және Зайсан аудандары территорияларында жүргізілді. Нәтижесінде қола, ерте темір және ерте ортағасырларға жататын қоныстар мен қорымдардың орындары ашылып отыр. Сонымен  бірге, ерте темір кезеңімен мерзімделетін петроглифтер анықталды. Ескерткіштердің орналасу топографиясын ескере отырып, ежелгі қорымдар уақытша су арналарының төменгі бөліктерінде орналасқандығын байқаймыз. Соның ішінде қола дәуірінің ескерткіштері негізінен ерте немесе кейінгі кезеңдердің жерлеу ескерткіштерінің маңында орналасқандығын байқауға болады. Қоныстардың орналасу ерекшеліктеріне келер болсақ, тау жоталарының жазық жерлерінде кездеседі. Ескерткіштердің арасында ерте темір және кейінгі уақытпен мерзімделетін Дуаналы қонысын жатқызуға болады. Барлау барысында Зайсан ауданына қарасты Жіңішкесу ауылының маңынан ортағасырлық қалашық типіндегі қоныс анықталды. Жинақталған қыштан жасалған көтерме материалдардың сараптамасы негізінде ескерткіш VII–IX ғғ. мерзімделеді. Түйін сөздер: Жоғарғы Ертіс, қоныстар, қалашық типтес қоныс, қорымдар, петроглифтер

Авторлардың биографисы

G. Omarov, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

.ғ.к., доцент

B. Besetayev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

археология және этнология магистрі,

S. Sagyndykova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

гуманитарлық ғылымдар магистрі,

Жүктелулер

Как цитировать

Omarov, G., Besetayev, B., & Sagyndykova, S. (2020). Алтай археологиялық экспедициясының 2019 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 96(1), 144–154. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.18

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая