XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында Әмір Темірдің Түркістандағы Қожа Ахмед Ясауи мешітіне берген в акуфтік жарлықтың деректанулық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.15
        456 99

Аннотация

Мақала XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында Әмір Темірдің Түркістандағы Қожа Ахмед Ясауи мешітіне берген вакуфтік жарлықтың деректанулық талдауына арналған. Бұл жарлық ортағасырлық Қазақстанның оңтүстік қалаларының әлеуметтік-экономикалық тарихына қатысты ең алғашқы құжаттардың бірі. Ұзақ уақыт бойы Әмір Темірдің вакуфтік жарлығы жалған құжат болып саналды. Сонымен бірге, ортағасырлық деректерінің мәтіндерінде қолданылған форма мен тұрақты айналымды талдау осы құжаттың жалған екендігіне күмән келтіруге мүмкіндік береді. Вакуфтік жарлықтың мәтінінде қолданған шартты формуляры Алтын Орда кезінде және Алтын Ордадан кейін құрылған мемлекеттерінің кеңселерінде кеңінен қолданылатын барлық құрылымдық компоненттеріне сәйкес келетіндігі анықталды. Құжаттың шартты формуляры үш негізгі бөлімнен құрастырылған (кіріспе хаттама, негізгі бөлім, қорытынды хаттама) және формулярдың 8 бөлігі қамтылған. Әмір Темір XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында Қожа Ахмет Ясауи мешітіне берген вакуфтік жарлықтың жариялануы тарих ғылымы үшін үлкен маңызға ие екенін ескеру қажет. Дереккөзді ғылыми зерттеулерде орта ғасырлардың маңызды автохтонды және шынайы құжаты ретінде пайдалануға болады. Дереккөзде оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалаларының әлеуметтік-экономикалық, аграрлық және діни өмірлеріне қатысты маңызды мәліметтер сақталған. Түйін сөздер: вакуфтік жарлық, шартты формуляр, деректанулық талдау, хан жарлықтары, ортағасырлық дерек

Авторлардың биографисы

B. Kumekov, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д

Z. Kartova, Северо-Казахстанский Государственный университет имени М. Козыбаева

т.ғ.к.

Жүктелулер

Как цитировать

Kumekov, B., & Kartova, Z. (2020). XIV ғ. аяғы – XV ғ. басында Әмір Темірдің Түркістандағы Қожа Ахмед Ясауи мешітіне берген в акуфтік жарлықтың деректанулық талдауы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 96(1), 118–125. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.15

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая